Қалалық қоғамдық-саяси газет

Егіздер ел ертеңі үшін дауыс берді

0 222

Бүгін елімізде ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы басталды. Азаматтық таңдауын жасаған жерлестеріміздің қатарында егіздер – Ербол мен Нұрбол Тілепбаевтар да бар. Олар №28 сайлау учаскесіне келіп дауыс берді.

-Біз өте қуаныштымыз, себебі бұл біздің кәмелет жасына толғаннан кейінгі алғашқы дауыс беруіміз. Президент сайлауының әр қазақстандық үшін тарихи мәні, тағдырлы мағынасы зор. Біз еліміздің келешегі, халықтың болашағы үшін өз таңдауымызды жасадық,-дейді егіздер.

Жалпы сайлау учаскесіне дауыс беру үшін келіп жатқандардың қарасы қалың.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.