Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ana tili» газетіне берген сұхбатында ел дамуының өзекті мәселелері мен ұлттық құндылықтарды сақтау жолындағы маңызды бастамалар көтерілді. Әсіресе, экономикалық тәуелсіздікті нығайтуға бағытталған ұстанымдары әрбір қазақстандыққа ой салады.
Президенттің «Экономикалық дербестік – шынайы егемендіктің негізі» деген пікірі – уақыт талабына сай нақты тұжырым. Мемлекет басшысы экономиканы әртараптандыру, шетелдік инвестицияларды тарту, өнеркәсіп саласын дамыту және отандық кәсіпорындарды қолдау арқылы ұлттық экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету керектігін атап өтті.
Сонымен қатар сұхбатта халқымыздың әл-ауқатын жақсарту мен әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды. Бұл – экономиканың тек сандық өсімге ғана емес, сапалық жақсартуға да негізделуі керек дегенді білдіреді.
Осы елдің патриот азаматы ретінде бұл бастамалардың елдің болашағы үшін маңызды екеніне сенемін. Экономикалық қуатты мемлекет – азаматтарының әлеуметтік жағдайын жақсартып, ұлттық құндылықтарын сақтай білетін мемлекет. Президентіміздің бұл бағыттағы саясатын қолдау – әрбіріміздің ортақ парызымыз.
Жанар Орынбаева,
Тараз қалалық Қоғамдық кеңесінің мүшесі