Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

ЕАЭО шеңберінде тауарлар импорты бойынша қосылған құн салығын есептеу және төлеу тәртібі

0 536

Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) шеңберіндегі тауарлар импорты — бұл Одақтың кедендік аумағына тауарларды ЕАЭО-ның және (немесе) Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасына сәйкес әкелу. Сондай-ақ, импорт деп Қазақстан Республикасының аумағына ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан тауарларды әкелу түсініледі.
Салық салынатын импорт ретінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген (немесе әкелінетін) тауарлар танылады.
ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан, оның ішінде толингтік шикізатты қайта өңдеу нәтижесінде алынған тауарлар әкелінген жағдайда, салық төлеуші салықтық кезеңнен кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей тұрғылықты жері бойынша салық органына тауарлар импорты және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті қағаз және электрондық түрде немесе тек электрондық түрде ұсынуға міндетті. Бұл талап лизинг шарттары бойынша әкелінетін тауарларға да қолданылады.
Импорт кезінде қосылған құн салығының (ҚҚС) мөлшерлемесі 12% мөлшерінде белгіленеді және салық салынатын айналым мен импорт көлеміне қолданылады.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №1424 бұйрығына сәйкес, 2023 жылғы 1 сәуірден бастап ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасына тауарлар әкелген кезде сопроводительная накладная (СНТ) ресімделуі тиіс. Мемлекеттік шекарадан өткеннен кейін СНТ міндетті түрде Электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінде (ЭСФ АЖ) расталуы қажет.
ЕАЭО елдерінен тауарлар импорты кезінде ҚҚС 105115 бюджеттік сыныптама коды (БСК) бойынша төленеді, сондай-ақ 328.00 нысаны бойынша өтініш ұсынылады. Осыған орай, Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар әкелетін барлық тұлғалар ЕАЭО-ның кедендік нормаларына сәйкес ҚҚС төлеушілер болып саналады.

Газиз Атибеков,
Жамбыл облысы бойынша мемлекетттік кірістер департаментінің ЕАЭО шеңберінде ҚҚС әкімшілендіру басқармасының басшы м.а.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.