Қалалық қоғамдық-саяси газет

Еңселі білім ордалары бой көтеруде

0 335

Бүгінгі ұрпақты сапалы біліммен қамтамасыз ету бағытында барлық жағдай жасалуда. Әсіресе кейінгі жылдары жаңа білім ордалары бой көтеріп, оқушыларға есігін айқара ашуда. Бұл өз кезегінде үш ауысымды және орын тапшылығы бар мектептер санын азайтуда.

Соңғы жылдары облыстық құрылыс басқармасы тарапынан білім беру мекемелерінің құрылыс-монтаждау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Атап айтқанда, Сүлейменов көшесі соңындағы тұрғын алқапта 1200 орынға арналған мектеп салынуда. Нысанның жобасын әзірлеген – «Asia NST Group» ЖШС, техникалық қадағалаушысы – «Мегалиты Алматы» ЖШС. Сметалық құны 3 124 442,0 мың теңгені құрайды. Мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесінде «Тараз құрылыс инвест» ЖШС жеңімпаз атанған. Қазіргі уақытта мердігермен келісімшарт жасалып, құрылыс жұмыстары басталып кеткен. Сондай-ақ «Казарма» алқабында да 180 орындық жаңа мектеп бой көтермек. Жобалық-сметалық құжаттамасын «BS ARCHI GROUP» ЖШС әзірлеген нысанның құны 695 534,0 мың теңгені құраған. Ал нысанның құрылыс-монтаждау жұмыстары ағымдағы жылдың 22 сәуірінде басталған. Мердігер мекеме «ТаразҚұрылысИнвест» ЖШС болса, техникалық қадағалаушысы – «АDI SAN» ЖШС.
Асқаров көшесінде де 600 орынға дейінгі мектеп құрылысы басталды. «Компания Сырым Блеке» ЖШС-нің мердігерлігімен салынып жатқан оқу ошағының техникалық қадағалаушысы – «АДС Сапа». Құны – 1 383 739,86 мың теңге. Бүгінде құрылыс жұмыстарының 88 пайызы аяқталған. Жаңа оқу жылын балалар жаңа білім ордасында қарсы алады деп күтілуде.
Бұдан бөлек, «Арай», «Барысхан» тұрғын алқаптарында да 600 орындық еңселі мектептің құрылысы жүргізілуде. Мұндай игі іске шаһар тұрғындары да шексіз риза.
– Біз бұл мектепті ұзақ күттік. Мұны естіген балалардың да қуанышы қойнына сыймай жүр. Бұл алқаптарда бұрын білім ордасы болмағандықтан, ата-аналар балаларын өзге мектепке тасуға мәжбүр болатын. Енді міне, бұл мәселе шешімін тауып отыр. Бұқараның базынасы билікке жетті деген – осы. Жаңа мектептен білімге құштар өрендер түлеп ұшарына сенімім мол, – дейді көпбалалы ана Зейнеп Жолболдықызы.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.