Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

«ҮЕҰ дерекқорына мәліметтерді ұсыну мерзімін ұзарту туралы»

0 53

Қазақстан Республикасының «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйымдар жыл сайын 31 наурызға дейін өз қызметі туралы мәліметтерді «ҮЕҰ дерекқорына» ұсынуға міндетті.
Esep.govtec.kz платформасында ақпараттық жүйелердің үйлеспеушілігіне байланысты туындаған техникалық мәселелерге орай «ҮЕҰ дерекқорына» мәліметтерді қабылдау уақытша тоқтатылған болатын.
Қазіргі уақытта аталған техникалық ақаулар жойылып, «ҮЕҰ дерекқоры» қалыпты режимде жұмыс істеуде.
Осыған байланысты, ақпараттық жүйелердің техникалық үйлеспеушілігі және жүйе жұмысында анықталған қателер туралы акт негізінде, «ҮЕҰ дерекқорына» мәліметтерді қабылдау мерзімі 2026 жылғы 30 сәуірге дейін ұзартылды.

Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.

error: Көшіруге болмайды! Редакцияға хабарласыңыз.