Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру және ұзарту қалай жүргізіледі?

0 272

Құрметті қала тұрғындары! Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі «Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру және ұзарту» мемлекеттік қызметін көрсетеді. Бұл мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
«Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары көрсетеді.
Қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметі алу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына немесе www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы немесе migration.enbek.kz порталы арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінішті құжаттармен қоса жолдайды. Қызметтің көрсетілу мерзімі қажетті құжаттар топтамасын портал арқылы тапсырған күннен бастап өтініш түскен күнді есептемегенде 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.
Мемлекеттік қызметтің көрсетілу нысаны толығымен автоматтандырылған, яғни электронды түрде көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы барлық қажетті құжаттарды берген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні көрсетіле отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы белгі көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Мемлекеттік корпорацияның интернет-ресурсы – www.gov4c.kz;
2) Портал – www.egov.kz;
3) www.migration.enbek.kz.
Қызметтің қорытындысы, яғни қызмет көрсетілгені немесе бас тартылғаны туралы ақпарат әр азаматтың «электрондық үкімет» веб-порталындағы жеке кабинетіне хабарландыру ретінде келіп түседі.

А.АЛИМБЕТОВА,
Тараз қаласы әкімі аппараты
мемлекеттік көрсетілетін қызметті
мониторингілеу бөлімшесінің басшысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.