Қалалық қоғамдық-саяси газет

Еңбекақыны уақытылы төлемегендер айыппұл арқалайды

0 403

Бүгінгі күнде еңбек саласындағы өзекті проблемалардың бірі жалақыны мезгілінде төлеу болып отыр. Әрине, азаматтардың конституциялық құқығын бұзу қоғамда әлеуметтік шиеленістің өсуіне әкеп соқтырады.

Берешектің пайда болу себебі – жұмыс беруші және олардың лауазымды түлғаларымен біле тұра еңбек заңнамасын бұзуы. Олар бұл мәселеге тиісті түрде назар аудармайды. Ондай жұмыс берушілерге, біздің тұрғындардың құқықтық сауаттылығының төмен болуы қолайлы. Сол үшін жұмысшылар өз құқықтарын білмегендіктен, ешкандай әрекет жасамайды.
Жалақы – қызметкердiң бiлiктiлiгiне, орындалатын жұмыстың күрделiлiгiне, санына, сапасына және жағдайына байланысты еңбек үшiн төленетiн сыйақы, сондай-ақ өтемақы және ынталандыру сипатындағы төлемдер.
ҚР Еңбек кодексінің 23-бабының 2т., 5т. сәйкес, жұмыс беруші қызметкерге Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінде, еңбек шартында, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде көзделген жалақы мен өзге де төлемдерді уақытылы және толық мөлшерде төлеуге міндетті.
Жалақы төлеудің тәртібі мен мерзімдері ҚР Еңбек кодексінің 134-бабымен белгіленген. Онда еңбекақы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасындағы ақшалай нысанда айына кемінде бір рет, келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірілмей төленетіні нақты жазылған. Ал жалақы төленетін күн еңбек шартында, ұжымдық шартта көзделеді.
Қызметкерлерге жалақы төлеу, егер еңбек шартының, ұжымдық шарттың талаптарында өзгеше көзделмесе, олардың жұмыс істейтін орнында жүргізілуге тиіс (ҚР Еңбек кодексінің 135-бабы).
Жұмыс берушімен еңбек заңнамасын бұзушылық Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің нормаларына сәйкес (келесі мәтін бойынша ҚРӘҚК) әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Сондай-ақ жұмыс берушінің жалақыны толық көлемде және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген мерзімдерде төлемеуі, сол сияқты төлемді кідірту кезеңіне өсімақыны есептемеуі және төлемеуі айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік) айлық есептік көрсеткіштің жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға мәжбүрлейді (ҚРӘҚК 87-б. 3т,4т,).
ҚР Еңбек заңнамасының сақталуын бақылауды Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы қамтамасыз етеді. Жұмыс берушімен еңбек жалақысы төленбеген жағдайда қызметкерге басқарманың мекенжайына жазбаша арыздануына болады.
«Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, өтiнiште оның тегi, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесiнiң аты, пошталық мекенжайы көрсетілуі тиіс екенін атап өткеніміз жөн. Өтiнiшке арыз иесiнің қолы қойылып немесе электронды цифрлық қолтаңбамен куәландырылуы қажет.
Берілген өтініштің негізінде, мемлекеттік еңбек инспекторы тексеру жүргізеді және фактілер анықталған жағдайда, жұмыс берушімен міндетті түрде орындалуға тиісті еңбек жалақысын төлеу туралы нұсқама шығарады.
Тексеру жүргізу барысында мемлекеттік еңбек инспекторы арызданушы мен жұмыс берушінің еңбек қатынастарын анықтау проблемасымен жиі қақтығысады. Оның басты себебі еңбек шартының жоқтығы. Бұл жұмыс берушінің кінәсі ғана емес, жұмысшының өзінің жауапсыздығына да байланысты. Қорытынды – жұмыс беруші тарапынан жұмысшының алдында берешекті заңды түрде растаудың мүмкін еместігі.
Еңбек жалақыны төлемеу проблемалары, мемлекеттік органдардың, жұмыс берушілердің және жұмысшылардың тиімді өзара әрекет етумен ғана шешіледі.
Осыған байланысты мемлекеттік еңбек инспекциясы Желтоқсан көшесі 78, 6-қабат, 43-01-96, 45-15-31, 45-15-58 телефондары бойынша тегін консультациялар жүргізеді.

Жанат Мұхатаева,
Жамбыл облысы әкімдігі еңбек инспекциясы
басқармасының мониторинг және құжаттама бөлімінің басшысы,
мемлекеттік еңбек инспекторы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.