Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Еңбек» бағдарламасы жұмыспен қамтуға екпін берді

0 1  222

Тараз қаласы бойынша ағымдағы жылдың басынан бері жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен «Еңбек» бағдарламасы аясында 9383 адам қамтылды. Олардың ішінде 7185 адам жұмысқа орналасса, 5765-і тұрақты жұмыс орындарына жолданды.

2021 жылға қысқа мерзімді кәсіптік оқыту жоспары 300 адам болса, бүгінгі күнге 313 адам оқуға жолданып, 254-і оқуды бітіріп, 252-сі жұмысқа орналасты. Бүгінгі күнге оқуды аяқтағандардың жұмысқа орналасу пайызы 99,2 пайызды құрап отыр.
Электрондық еңбек биржасы арқылы жұмыс берушілердің сұраныстары бойынша жұмыссыз азаматтарды еңбек нарығында сұранысқа ие дағдыларға оқытуға биыл 93 адам жоспарланған. Бүгінгі күнге оқудан 109 адам өтті.
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының 2-ші бағыты аясында 36 адамға 316,1 миллион теңгенің шағын несиесін беру жоспарланып отыр. 22 қазанға 40 адамға 422,1 миллион теңгенің несиесі берілді. Сондай-ақ жоспардан бөлек, реинвест есебінен 6 адамға 59,0 миллион теңгенің несиесі рәсімделді. Несие алушылар мен грант алушылар тарапынан барлығы 39 қосымша жұмыс орны ашылды. 46 адам шағын несие алып отыр. Сонымен қатар осы бағыт аясында кәсіпкерлікті дамытуға 500 адамға 291,7 миллион теңге мемлекеттік гранттарды беру қарастырылып, есепті кезеңге 500 адам грантын алды. Қаржы толығымен игерілді (1 адамға 583,4 мың теңге). «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша 932 азамат оқып, сертификат алғаны – 908 (оның 87-сі мемлекеттік грант алды және 6 пайызбен шағын несие алған – 2 азамат).
Бағдарламаның 3-ші бағыты бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына 40 адам, жастар практикасына 292 түлек жолданды. Әлеуметтік жұмысқа орналасқандардың жұмысқа орналасу деңгейі Тараз қаласы бойынша 80,0 пайызды құрап отыр. Жастар практикасына жолданғандардың 155-і жұмысты аяқтап, 155-і жұмысқа орналасты, яғни 100 пайызды құрап отыр.
Ақылы қоғамдық жұмысқа 1094 адам жолданса, жылдық жоспар толығымен орындалды. Алғашқы жұмыс орындарына жоспарланған 10 адам толығымен жолданды.
Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы шеңберінде 2021 жылы Тараз қаласында құрылыс, реконструкциялау, күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша 12 инфрақұрылымдық жобаға барлығы 341 жұмыс орнын, оның ішінде жұмыспен қамту орталығы арқылы 273 адамды жұмысқа тарту көзделген. Ағымдағы жылы мердігерлер анықталған 12 жобаға, орталықтың жолдамасымен 273 жұмыссыз азамат жолданды.

Батырхан ТОҚТАҒҰЛ,
Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.