Қалалық қоғамдық-саяси газет

Еңбек ауылында дәрігерлік амбулотория ашылды

0 295

Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай Шу ауданында бірнеше нысан пайдалануға берілді. Соның бірі 5 келушіге арналған Еңбек ауылындағы дәрігерлік амбулотория ғимараты болып отыр. Қорағаты ауылдық округіне қарасты Еңбек ауылының тұрғындары ендігінде судай жаңа ғимаратқа келіп, медициналық көмекке жүгінетін болады.

Ауыл тұрғындарының қуанышымен құттықтай барған аудан әкімі Сәкен Арубаев мерекеге орай ашылған ауылдық дәрігерлік амбулоторияның лентасын ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы Несіпхан Қоңырбаевпен бірге қиды.
Аталған ғимараттың құрылысын жүргізген «ШуГрандСтрой» ЖШС директоры Нағыметулла Нурадинов көпшіліктің көзінше медбике Райхан Бекботаеваға амбулотория кілтін табыстады.

Қорағаты ауылдық ауылдық округінде 2800-ден аса халық тұрса, соның 296-і Еңбек ауылының азаматтары. 57 түтіні бар ауыл үшін аса қажетті нысан екені анық. Ендігінде осы ауылдың қариялары, басы ауырып, балтыры сыздаған тұрғындары үлкен шаруа болмаса аудан орталығына ат сабылтпай, қарапайым медициналық көмекті ауылдық дәрігерлік амбулоториядан алуларына болады.
-Халықтың денсаулығынан қымбат нәрсе жоқ.

Бүгін ауылымыздағы қуанышты жайт еңбектіктерді ерекше серпілтіп отыр. Жасы үлкен кісілерге мен денсаулығын үнемі бақылауда ұстау керек жандар өзіміздің дәрігерлік амбулоторияға жүгінетіні бізді қуантады. Конституция күніне орай бұл ауылымызға тамаша тарту болып отыр. Ауылдастарымды осы қуаныштарымен шын жүректен құттықтаймын,- дейді ардагер-ұстаз Несіпхан Қоңырбаев жылы лебізін білдіріп.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.