Қалалық қоғамдық-саяси газет

Еңбегі ерен еріктілер

Жаңатастықтар көмек қолын созған жастарға дән риза

0 846

Жаңатастық тұрғындар төтенше жағдайдың салдарын жоюға бағытталған тазалық шараларына қатысқан ерікті жастар мен ұйымдастырушыларға дән риза.

Республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған игі шараға Тараз қаласы мен Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Талас аудандарынан 200-ге жуық ерікті қатысып, белсенді атсалысты.
Олар топ-топқа бөлініп, 15,7 тонна қоқыс шығарып, 2 ойын, 1 жаттығу алаңшасында тазалық жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ Жаңатас қаласындағы көшелерге арнайы техникамен 76 тонна су шашылып, тазартылды. С.Есова көшесіндегі бүлінген асфальт жолға 260 тонна шағал тас төселді. Ө.Аяпов, И.Панфилов көшелерінің жолдары тегістелді.
Бұдан бөлек, еріктілер 15 қарияға қол ұшын созып, ақ батасын алды.
Өз кезегінде Ербол Қарашөкеев игі істің қасынан табылған еріктілердің еңбегін ерлікке балап, тұрғындардың атынан алғыс білдірді.
Еске сала кетейік, 7 шілде күні Сарысу ауданы аумағында қатты жауын-шашын салдарынан көлбеу ағын қалыптасып, 400 аула, 47 жеке тұрғын үй мен бір мектептің жертөлесін су басқан болатын.
Қазіргі таңда Жаңатас қаласында төтенше жағдай салдарымен күрес жұмыстары жалғасуда. Арнайы құрылған комиссиямен шығындар есептеліп, бүлінген нысандарды техникалық бағалау шаралары жүруде.

«JT-ақпарат»

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.