Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ең бастысы – халыққа қызмет ету!

0 661

№15 бір мандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Тараз қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат

Шилібек Кенжеғали Қошқарбайұлы

1973 жылы 9 қыркүйекте Жамбыл облысы, Талас ауданы, Ақкөл ауылында көпбалалы отбасында дүниеге келген. 1990 жылы Ақкөл ауылындағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепті күміс медальмен бітірген. 1995 жылы Жамбыл су шаруашылығы-құрылыс институтын, 2005 жылы Тараз мемлекеттік педагогикалық институтын тәмамдаған. Инженер-механик, физика және математика пәндерінің мұғалімі. 2008 жылы Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын «Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау» мамандығы бойынша бітірген. Техника ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын 1995 жылы Ақкөл ауылындағы №22 кәсіптік-техникалық училищесінде арнайы пән оқытушысы қызметінен бастаған. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде қызметін 2000 жылы маман ретінде бастап, бөлім меңгерушісі, кафедра меңгерушісі, ғылыми бағдарламалар орталығының директоры, «Мұнай, газ және механика» факультетінің деканы қызметтерін атқарған. Қазіргі таңда М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру институтының директоры қызметін атқаруда. ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Жоғары оқу орындарының үздік оқытушысы» атағының иегері.
Үйленген. 3 ұл өсіріп, 4 немере тәрбиелеп отыр.

Қадірменді жерлестер!
Құрметті сайлаушылар!

Ғұмырымның саналы бөлігін Тараз өңірлік университетінде жастарды тәрбиелеуге арнадым және атқарған жұмысымды әділдік принципін ұстай отырып, өңіріміздің дамуы мен жастарға білім беру барысында еңбек еттім.
Қазіргі таңда жинаған білім мен өмірлік тәжірибемді қоғамдық тірлік пен тұрақтылықты нығайту мақсатында қалалық мәслихат депутаттығына үміткер болып тіркелдім.
Менің мақсатым – қала тұрғындарының мүдделерін жоғары қоятын әділ де ашық қоғам құруға атсалысу.

Халықтың сеніміне ие болып, ДЕПУТАТ БОЛСАМ:

1. Медициналық және әлеуметтік-тұрмыстық қызметтердің, әсіресе ардагерлерге, зейнеткерлерге, мүгедектерге, аз қамтылған азаматтарға, толық емес және көпбалалы отбасыларға қолжетімділігін сақтауға ықпал етемін.
2. Отбасылар ана мен баланы қорғау мәселелерінде мемлекеттің қолдауын сезінуі керек. Округте балалар емханасының салынуына ықпал етемін.
3. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың қоғамда әлеуметтену мүмкіндіктері туралы хабардарлығын арттыруға, қазіргі заманғы өмірге бейімделуге және қоғамға интеграциялануға көмектесемін.
4. Жастарға, балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне, өмірлік қиын жағдайға тап болған жастарға мамандық таңдау, білім алу, жұмысқа орналасу, қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету мәселелерінде кеңес беремін.
5. Әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдарға және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға волонтерлерді тартамын.
6. Қоршаған ортаны қорғау, өзендер мен жасыл аймақтарды тазарту, ағаш отырғызу, қоқысты сұрыптау жұмыстарын жандандырамын.
7. Салауатты өмір салтын сақтауды, яғни спортпен және дене шынықтырумен айналысуды жастардың өмірлік серігіне айналдыру қажет. Спорттық ойын алаңшаларының салынуына ықпал етемін.
8. Ұлттық жобалардың аясында азаматтарды жұмыспен қамту деңгейін арттыруға ықпал етемін.
9. Ғимараттардың сапалы салынуына, жоспарланған тиісті жөндеу жұмыстары мен көшелердің безендірілуіне баса назар аударамын.

Құрметті сайлаушылар!

Мен қаламыздың тұрғындарының әл-ауқатын арттыру, қоғамдық бірлік пен тұрақтылықты нығайту үшін сайлауға түстім.

Главное – служить народу!

Родился 9 сентября 1973 года в селе Акколь Таласского района Жамбылской области в многодетной семье.

В 1990 году окончил среднюю школу имени Ы.Алтынсарина в селе Акколь с серебряной медалью. В 1995 году окончил Жамбылский гидромелиоративно-строительный институт, в 2005 году Таразский государственный педагогический институт. Инженер-механик, учитель физики и математики. В 2008 году окончил аспирантуру Казахского научно-исследовательского института водного хозяйства. Кандидат технических наук.

Трудовую деятельность начал в 1995 году преподавателем специальных дисциплин в профессионально-техническом училище №22 села Акколь.

В Таразском государственном университете им. М. Х. Дулати с 2000 года прошел путь от специалиста, заведующего отделом, заведующего кафедрой, директором Центра научных программ, деканом факультета «Нефти, газа и механики».

В настоящее время является директором института «Водное хозяйство и природообустройства» Таразского регионального университета имени М. Х. Дулати.

Обладатель звания «Лучший преподаватель высших учебных заведений» Министерства образования и науки РК.

Женат. Воспитывает 3 сына, 4 внука.

Дорогие  сограждане !

Уважаемые избиратели !

Я всю сознательную часть своей жизни посвятил  воспитанию молодежи в  Таразском Региональном Университете, придерживался принципу справедливости трудился на благо развития региона  в сфере образования.

Сегодня я выдвигаю свою кандидатуру в депутаты городского маслихата, чтобы посвятить свои знания и жизненный опыт для содействия укреплению единства и стабильности в обществе.

Моя цель – способствовать  созданию справедливого и открытого общества, в котором интересы  горожан будут всегда на высоком уровне.

 Если я стану депутатом:

  1. Окажу содействие в доступности и качестве медицинских и социально – бытовых услуг, особенно ветеранам, пенсионерам, инвалидам, малообеспеченным гражданам, неполным и многодетным семьям;
  2. Семьи должны чувствовать поддержку государства в вопросах защиты материнства и детства. Содействие строительству детской поликлиники в округе;
  3. Повышение осведомленности людей с ограниченными возможностями, о возможностях социализации в обществе, помощь в адаптации к современной жизни и интеграции в обществе;
  4. Консультирую молодежь, воспитанников детских домов, молодых людей, оказавшихся в трудной жизненной ситуации, в вопросах выбора профессии, получения образования, трудоустройства, обеспечения доступным жильем;
  5. Привлечение волонтеров в организации социального обслуживания и в малообеспеченные семьи;
  6. Активизация работы по охране окружающей среды, очистке рек и зеленых насаждений, посадке деревьев, сортировке мусора;
  7. Здоровый образ жизни, занятия спортом и физической культурой, необходимо сделать жизненным кредо молодежи. Содействие строительству спортивных игровых площадок;
  8. В рамках национальных проектов буду способствовать повышению уровня занятости граждан;
  9. Буду уделять особое внимание на качественные строительства зданий, и благоустройства улиц.

УВАЖАЕМЫЕ  ИЗБИРАТЕЛИ!

Я баллотируюсь на выборах, чтобы улучшить благосостояние граждан и содействовать укреплению единства и стабильности в обществе.

 

Тапсырыс беруші: №15 бір мандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Тараз қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат ШИЛІБЕК К.Қ.
Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстары есебінен төленді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.