Қалалық қоғамдық-саяси газет

Дзюдодан ел үздіктері анықталды

0 117

  Еліміздің батыс өңірі Орал қаласында 19-21 қараша күндері дзюдодан Қазақстан Республикасының чемпионаты өткен болатын. Чемпионатта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары сондай-ақ республикамыздың 14 облысынан жасақталған құрамалар күш сынасты,–деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Үш күнге созылған бәсекеде Жамбыл облысы құрамасы сапында Бекәділ Шаймерденов 81 келіде жеңімпаз атанса, 73 келі салмақта Данияр Шамшаев күміске қол жеткізді. Сонымен қатар, бұрымды балуандар арасында Рауза Нұрмұхамедова (57 кг) қола жүлде еншіледі. Ал аса ауыр салмақта белдескен Жамбыл Тұрғыналиев пен Ғалымжан Қырықбай Қазақстан чемпионатының қола жүлдегерлері атанды.

Айта кетерлігі, дзюдодан Қазақстан Республикасы чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері, Әлем чемпионы Елдос Сметов бірінші орын алған споршыға 150 мың, күміс медаль иегеріне 100 мың, қола еншілеген татами шеберіне 50 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлықтар табыстады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.