Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Dulaty университетіне жаңа ректор тағайындалды

0 87
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің 2026 жылғы 9 ақпандағы №8 ж\қ бұйырығымен әрі Республикалық комиссияның шешімімен М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің Басқарма Төрағасы-Ректоры болып заң ғылымының докторы, профессор Ләззат Қалымбекқызы Еркінбаева тағайындалды.
Жаңа басшыны университет ұжымына ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов таныстырып, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Ләззат Еркінбаева 1989 жылы С.М.Киров атындағы ҚазМУ-ды заң факультетінің «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
  • Еңбек жолын Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де бастаған:
  • ассистент, аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі;
  • І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің бірінші проректоры, Оқу-әдістемелік жұмыстары бойынша проректоры қызметтерін атқарған;
  • Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де профессор, Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер жөніндегі проректор;
  • М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер жөніндегі проректоры қызметтерін атқарған.
Ғылыми-педагогикалық және басқарушылық тәжірибесі мол, білім беру сапасын арттыруға бағытталған жүйелі еңбегімен танымал. Жазған ғылыми еңбектерінің жалпы саны – 130, оның ішінде 19 оқу құралы және 15 монография.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің гранттық ғылыми жобаларына қатысу және басшылық ету тәжірибесі бар. ҚР заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерінің бірқатар жобаларын әзірлеуші және БҰҰДБ, ЕҚЫҰ сарапшысы болған. 2023 жылдың ақпан айынан бастап Қазақстан Республикасы жаңадан құрылған Конституциялық сотының сарапшысы болып сайланды.
2009 және 2010 жылдары Қазақстанның құқықтық ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін ҚР БҒМ «ҚР ғылымына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «ҚР Парламентіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл» ,
«ҚР Конституциясына 25 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.