Қалалық қоғамдық-саяси газет

Dulaty университетінде республикалық семинар-кеңес өтті

0 370

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде «Жаһандану кезеңіндегі қазақ тіл білімі мен қазақ әдебиеттануы: дәстүрлер мен тенденциялар» тақырыбында республикалық деңгейде онлайн-оффлайн форматта семинар өтті,- деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі.

Республика көлемінде болған семинарды Филология және журналистика кафедрасы мен  «Дарын» студенттік ғылым үйірмесі ұйымдастырды.

Семинарда жаһандану кезеңіндегі мемлекеттік тілдің ахуалы, заманауи қазақ тіл білімінде қалыптасқан проблемалар көтерілді. Сондай-ақ, қалыптасқан дәстүрлер мен жаңа тенденциялар, оны шешу жолдары, қазақ тілін оқытудың жаңа бағыттары, терминология мәселесі қарастырылса, әдебиеттану бойынша отандық және әлемдік әдебиеттанудың даму бағыттары мен тенденциялары, тәуелсіз қазақ әдебиеті, балалар әдебиеті, әдебиеттегі аударма мәселесі мен оны оқыту әдістері жайлы сөз қозғалды.

Бұл іс-шараға республика бойынша Тараз және Алматы қалаларының ЖОО оқытушылары, магистранттары мен студенттері, «Өрлеу» БАҰО әдіскерлері, Павлодар, Шымкент, Жаңаөзен, тараз қалаларының меткеп мұғалімдері, мектеп түлектері, оқушылар қатысты.

Конференцияның басты мақсаты –  қазақ тіл білімі мәселелерінің ғылыми-теориялық, педагогикалық негіздерін нығайту. Тілдік білім берудің әлемдік үздік тәжірибелерімен бөлісу.  Әдебиеттану бойынша отандық және әлемдік әдебиеттанудың даму бағыттары мен тенденцияларын қарастыру. Қазақ әдебиетіндегі аударма мәселесі, ұлттық сананың рухани жаңғыруының өзегі ретінде қазақ тілінің даму бағыттарын, академиялық және кәсіби негізде оқытылу мазмұнын айқындау, тіл мен әдебиетті оқытуда озық инновациялық технологияларды қолдану мәселелерін бойынша бірнеше ұсыныстар айтылып, білікті мамандар тәжірибе алмасты.

Жиын барысында Филология ғылымдарының докторы, профессор Меруер Рахымбайқызы «Қазақ тілі мен әдебиет танудың мәселелері» бойынша баяндама жасап, соңғы жылдардағы әдебиет саласындағы жетістіктер мен оң өзгерістерді сөз етті. Бүгінгі қазақ тілінің жай-күйімен қолданыс аясында ұсыныстар айтылып өткен жылдармен салыстыра отырып тың мәліметтермен бөлісті.

Шара соңында қазақ тіл білімі мен әдебиеттану бойынша құнды баяндама жасаушыларға, пікір айтушыларға сертификат, алғыс хаттар берілді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.