Қалалық қоғамдық-саяси газет

Дулати университетінің қызметкерлері Қостанай тұрғындарына қолдау көрсетті

0 378

Қостанай жаққа қарап алаңдап, халқының амандығын тілеп отырған жұрттың тілеуі – елдің амандығы. Күз келгенде үйі өртеніп, баспанасыз қалған, өрттен зардап шеккен азаматтардың жай-күйіне, денсаулық жағдайына алаңдап отырғандар көп. Сондықтан көп болып қолдау көрсетуге ниетті.

Солардың қатарында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің ұжымы да бар. Қызметкерлер, оқытушылар мен профессорлар қомақты қаражат жинап, қорға аударды.

Сондай ақ, Тараз қаласынан Жамбыл жұртшылығы жұмылып жиған гуманитарлық көмек, оның ішінде азық-түлік, киім-кешек, дәрі-дәрмек, құрылыс материалдары бар түрлі заттар тиелген 3 жүк автокөлігі Қостанай обылысының Аулиекөл ауданына жол тартты.

Қазір Қостанайдағы өрт салдарынан үйінен айырылған және уақытша эвакуацияланған тұрғындарға еліміздің әр аймағынан гумантарлық көмек жиналуда. Дулати университетінің ұжымы да осы іске үлес қосуда.

Еске сала кетсек, Қостанай өңірінде өрттен зардап шеккен тұрғындарға көмек беруге арналған бірыңғай қоғамдық қор құрылған.

Дулати университетінің медиа-қызметі.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.