Алматы қаласында өткізілген каратэден Азия чемпионаты аяқталды,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.
Біріншілікке 23 елден 450 спортшы қатысты. Құрлық додасы алғашында Кувейтте өтуі тиіс болатын. Алайда, пандемияға байланысты кейінге шегеріліп, Алматыда ұйымдастырылды.
Бәсекеге толы додадан М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 1 курс студенті Щорсов Аблайхан барлық қарсыласынан басым түсіп алтын медаль иегері атанды.