Қалалық қоғамдық-саяси газет

Дулати университетінде Республика күніне арналған концерт өтті

0 424

Дулати университетінің бас ғимаратында «Мәңгілік жаса – қыран елім» атты мерекелік концерт өтті. Салтанатты жиынды тамашалауға келген көрермен қатары былтырғы жылдармен салыстырғанда еселене түскен. Профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер ұлық мерекеде көңіл-күйлерін көтеріп, тарихтан сыр шертетін оқиғаларды үлкен тебіреніспен тамашалады.

Жиында Ғылым және цифрландыру жөніндегі проректор Сейтжан Орынбаев құттықтау сөз сөйледі.

– Республика күні – көпұлтты халықтың бірлігінің, әрқайсымыздың туған жерімізге деген шынайы сүйіспеншілігіміздің белгісі. Біздің міндетіміз – тәуелсіздігіміздің негізі болып саналатын айтулы мерекені атап өту. Бүгінгі концерт халық арасында Республика күнінің мәртебесін арттырып, мерекенің тарихи маңыздылығын көрсетеріне сенемін, – деп ізгі тілегін білдірді.

Республика күні қарсаңында ғылым және білімге сіңірген еңбегі үшін Ғылым және Жоғары білім министрлігінің құрмет грамотасы және алғысхаты профессорлар мен қызметкерлерге табысталды. Сонымен қатар, университетке сіңірген еңбегі үшін оқытушылар «Дулати төсбелгісіне» ие болды. Оқу орнының тазалығы мен күзетіне жауап беретін қызметкерлер де назардын тыс қалған жоқ. Шаруаның қамын ойлаған жандарға Алғысхат пен қатар гүл шоқтары тарту етілді.

Бүгінгі күннің айшықтылығын аңғартатын сахналық көріністер мен әуезді әндер әуелете шырқалды. Ұлттық киімде мың бұрала билеген қаракөз қыздардың әр қимылынан қазақ халқының салт-дәстүрін, әдебі мен қағидаларын аңғаруға болады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.