Қалалық қоғамдық-саяси газет

ЖОЛДАУ 2021: Мәселелердің шешімі – білімді дамытудан бастау алады

0 1  214

2021 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қ-Ж.К. Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауын баяндады.

Елбасы мемлекеттің тиімділігі мен азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бастамалар мен міндеттерді жариялады. Сонымен қатар, ол білім мен ғылым саласындағы өзекті мәселелерге тоқтала отырып, оларды әрі қарай дамытудың нақты бағыттарын белгіледі.
Сапалы білім беру мен сұранысқа ие мамандарды даярлау үшін қажетті жағдай жасау – Дулати университетінің басты міндеті. Бүгінгі күні 241 білім беру бағдарламасы әзірленіп, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тізіліміне енгізілді.
Жоғары білім сапасын арттыру бағытында академиялық адалдық принциптерін енгізу 6 жыл бойы жүзеге асып келеді. Дереккөздер түпнұсқаларына сілтемелерді көрсетпеу жағдайларын және автордың өзіндік үлесін анықтау мақсатында барлық дипломдық жұмыстар плагиатқа тексеріледі.

Дулати университеті оқытушыларды ынталандыру мен қолдау мақсатында жалақыны көбейтуді іске асырды. Егер бұған дейін Дулати университетінің оқытушысы 128 273 теңге алатын болса, осы оқу жылынан бастап 200 831 теңге, аға оқытушы 134 290 теңгенің орнына 230 916 теңге алады, доцент жалақысы, тиісінше, 209 790 теңгенің орнына 260 183 теңге, профессор 302 810 теңгеден 350 475 теңгеге артты.
Президент мұғалімдердің біліктілігін арттыруды 3 жылда кемінде бір рет өткізіп отыру қажеттілігіне тоқталды. Жылдам өзгеріп отыратын өмір жағдайында бұл өте маңызды шешім. Педагогикалық жұмысты ұйымдастыру процесінің тиімділігі мен оқушылардың білім сапасы мұғалімнің қызметінің сапасына, оның біліктілігі мен шығармашылық ойлау қабілетіне тікелей тәуелді.

Мемлекет басшысы әлеуметтік жағдайы төмен санаттағы балаларды қолдауға ерекше назар аударды. Дулати университетінде «Инклюзивті білім берудегі психологиялық бейімдеу» орталығы жұмыс істейді. Білімге қолжетімділік деңгейін жоғарылату үшін барлық жағдай жасалған: студенттер арнайы әдебиеттермен қамтамасыз етілген, оқу материалдары қолжетімді. «Мен өмірді сүйемін» байқауы өтіп жатыр.
Мемлекет басшысының ғылыми гранттар мерзімін 3 жылдан 5 жылға дейін ұлғайту туралы хабарламасы ғалымдар үшін жағымды жаңалық болды. Бұл гранттық қаржыландыру көлемін ұлғайтуға, еліміздің стратегиялық маңызды бағыттарында қолданбалы және іргелі ғылыми зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді.

Дулати университеті Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында жүктелген міндеттерді жүзеге асыру бойынша жоспарлы және жүйелі жұмыстар жүргізетін болады.

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Басқарма Төрағасы-Ректоры
Ешенқұлов Талғат Ильясұлы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.