Қалалық қоғамдық-саяси газет

Дулати университеті халықаралық ғылыми жобада 38000$ көлемінде грантқа ие болды

0 210

Небраска университеті (АҚШ) және М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Химия және химиялық технология» кафедрасымен бірлесіп ұсынылған «Аmerican Councils for International Education Kazakhstan Universities Partnerships funding» бағдарламасы бойынша «Science with a Purpose: Improving Environmental Science Capacity in Kazakhstani Universities» халықаралық ғылыми жоба 2021-2022 жылдарға 38000$ көлемінде грант жеңіп алды,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Жоба орындаушылары: х.ғ.к, қауымдастырылған профессор Масалимова Бакытгуль Кабыкеновна және PhD Калмаханова Маржан Сеитовна.
Бағдарламаның негізгі мақсаттары:

  1. Қазақстан университеттерінде, әсіресе, STEM салаларында оқу бағдарламаларын жаңғырту және оқыту әлеуетін арттыру, жаңартылатын энергия, қоршаған ортаны және ауа сапасын зерттеу;
  2. Қазақстандық және АҚШ университеттерінде STEM салаларында, әсіресе жаңартылатын энергия саласында ғылыми-зерттеу әлеуетін арттыру,қоршаған ортаны және ауа сапасын зерттеу;
  3. АҚШ пен Қазақстан университеттері арасындағы ұзақ мерзімді академиялық ұтқырлықты қолдау үшін институционалдық әлеуетті арттыру.

 

ДАНИЯР НҰРМҰХАНБЕТ

Дулати университеті Зерттеулер және халықаралық

байланыстар жөніндегі проректор

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.