Қалалық қоғамдық-саяси газет

Доллар бағамы төмендеді

0 570

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 2,46 теңгеге төмендеп, 473,99 теңгеге тең болды. Айта кетейік, доллардың 20-22 тамыздағы ресми бағамы – 476,43 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 474,90 теңге, сату – 479,05 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 473,10 теңгеден сатып алынып, 477,21 теңгеден сатылып жатыр.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.