Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

«Дипломмен – ауылға»: қатысу жолдары қандай?

0 652

«Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 5 тамыздағы №63 бұйрығына сәйкес, 2025 жылға 26 маманға республикалық бюджеттен тұрғын үй алуға және салуға бөлінген қаражат – 231 988,0 мың теңге, оның ішінде 14 маманға аудан орталығына (2 500 АЕК, 1 маманға – 9 830,0 мың теңге) – 137 620,0 мың теңге; 12 маманға ауылдық елді мекенге (2 000 АЕК, 1 маманға – 7 864,0 мың теңге) – 94 368,0 мың теңге; Бюджеттік тұрғын үй несиесі несие сомасының жылдық 0,01% сыйақы мөлшерлемесімен 15 жылға беріледі.
Жергілікті бюджеттен 50 маманға бірреттік жәрдемақыға (100 АЕК, 1 маманға – 393,2 мың теңге) – 19 660,0 мың теңге жергілікті бюджеттен қарастырылды. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 2025 жылға тиісті мекемелерден қажетті мамандардың тізбесі сұраныс арқылы жинақталып (білім беру саласы бойынша – 28 маман, денсаулық сақтау саласы бойынша – 11 маман, мәдениет саласы бойынша – 9 маман, агроөнеркәсіптік кешен саласы бойынша – 5 маман, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне – 7 маман, әлеуметтік қамсыздандыру саласы бойынша – 8 маман), барлығы 68 маман аудан әкімдігінің сайтына жүктелінді.
ҚР Ұлттық экономика министрлігі «Дипломмен ауылға» жобасын іске асыру бойынша 2023 жылғы 28 наурыздағы №93 бұйрығымен «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ сенім білдірілген өкіл (агент) белгіленген. Осыған байланысты «Дипломмен ауылға» жобасы цифрлық форматқа ауыстырылды. Өз өтінімдеріңізді otbasybank.kz порталы арқылы жібере аласыздар. «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша қосымша ақпараттарды Шу ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің төмендегі нөмірлеріне хабарласу арқылы алуларыңызға болады. Қабылдау бөлімі – 8 (726-38) 3-19-40, мамандар – 3-13-43.

Д.БАЙДАВЛЕТОВА,
Шу ауданы әкімдігі экономика және
бюджеттік жоспарлау бөлімінің
бас маманы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.