Қалалық қоғамдық-саяси газет

Діни ахуалдың жағдайы талқыланды

0 172

Қала әкімінің орынбасары Кенжебек Олжабайдың төрағалығымен шаһардағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес отырысы өтті.

Толғанай АТАБАЙ

Жиында күн тәртібіне 3 мәселе шығарылып, негізгі мәселе төңірегінде қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ұлана Сламбекова баяндама жасады.

– Бүгінгі таңда қалада 4 конфессия бойынша 56 діни бірлестік пен филиалдар және 10 намазхана тіркелген. Сонымен қатар «Арай» және «Барысхан» алқаптарында 2 жаңа мешіттің құрылыстары жүргізілсе, «Құмшағал» алқабындағы «Төребек» мешітіне қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Барлық діни бірлестіктер мен мешіттердің жер телімдерінің, ғимараттарының нысаналы тағайындалуы ҚР заң талаптарына сәйкес рәсімделген. «Жастар радикалды діни ағымдардың жетегінде кетпеу қағидаттарын қалыптастырумен қатар халықтың діни сауаттылық деңгейін арттыру, жас ұрпақ бойына дәстүрлі, рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттау» жобасы бойынша «Тәжірибелік психология» республикалық қоғамдық бірлестігі жұмыс атқаруда. Аталған жобаның техникалық сипаттамасына сәйкес жұмыстың басым бағыты оңалту жұмыстарына бағытталған. Халықтың діни сауаттылығын арттыру мақсатында қала әкімінің өкімімен 7 қалалық ақпараттық-түсіндіру топтары қайта құрылып, іс-шаралар жоспары бекітілген болатын. Құрамында қала әкімдігінің бөлім басшылары мен қызметкерлері, білікті теолог мамандар мен ардагерлер бар. Қала тұрғындарын ақпараттандыру мақсатында медиа-жоспар бекітіліп, жергілікті БАҚ арқылы жүйелі жұмыстар жүргізілуде, – деді бөлім басшысы.

Баяндамашының айтуынша, заң талаптарының сақталуын қадағалау мақсатында және дәстүрлі емес діни ағымдарға қарсы әрекет жасауға бағытталған кешенді іс-шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылуда. Арнайы топ тоқсанына 1 рет қаладағы сауда кешендері мен кітап сататын дүкендерге зерделеу ұйымдастырып, зерделеу барысында діни әдебиеттер мен діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды заңсыз таратуға жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Сондай-ақ жаңадан салынып жатқан діни бірлестіктер мен филиал ғимараттары немесе келісім алмай жұмыс атқаратын құлшылық ету орындары мен сауда орталықтары және қоғамдық тамақтану орындарында тіркелмеген намазханаларды анықтау жұмыстары жұмыс тобының жіті бақылауында екен.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.