Қалалық қоғамдық-саяси газет

Дін мен дәстүр

0 155

Дін мен дәстүр – қазақтың болмысымен біте қайнасқан бұл екі қастерлі ұғым қадым замандағы қилы зауалдарға қарсы тұрған, халықты бірлікке, тұтастық пен татулыққа бағыттаған рухани құндылық.

Осы ретте дін адамдық ізгі қасиеттерімізді асқақтатса, салт-дәстүр – ұлт болып қалыптасуымыз-ға негіз болатын ізгі жол. Ұлттық құндылықтардың, рухани-мәдени өміріміздің қалыптасу барысында дін мен қазақы салт-дәстүрдің өзара сабақтастығы маңызды рөл атқарады. Халқымыз дәстүрді ерекше қадірлеген, қастерлеген, сақтай білген. Ежелден исламды ұстанған ата-бабаларымыздың әрбір ісі, әр салты мен дәстүрі шариғаттан алшақ кеткен емес.
Дін мен дәстүрдің қоғамдағы алатын орны жоғары, ұлттық құндылықтарды дұрыс қалыптастыру үшін де атқарар маңызы өте зор. Әр халықтың өзіне тән, қоғамның дамуына байланысты ерекшеліктері болады. Мәселен, еліміздің ұлан-байтақ жерді алып жатуының өзі ғасырлар бойы халқымыздың бойындағы, батырлық пен ерлік дәстүрін тудырған. Қазақ – ұлттық дәстүрге ерекше мән беретін халық. Дәстүр – ұлтты рухани жандандырып, оның ішкі және сыртқы келбетін өрнектеп, көрсетіп тұратын сипат. Дәстүрдің таразысы әрі негізі – дін. Рухани жаңғыру жолында да ықпалы зор. Дін – мәңгілік әрі хақ. Дін ісі – тәрбие жолы, адамның рухани азығы. Алла Тағала Құранда: «Кешірімді бол, ғұрыпқа жақсылыққа бұйыр және надандардан жырақ бол», – деп әмір етеді. Ғұрып дегеніміз – бір қоғамда қалыптасқан жағымды әрі қайырлы іс. Ислам діні әрбір халықтың, ұлттың өзіндік құндылықтары және ерекшеліктері – әдет-ғұрпына ерекше көңіл бөлген. Ислам ғалымдарының бірі Имам ибн Ғабидин: «Ислам шариғатында, «әл-ғурф» (ғұрып) және «әл-ғада» (әдет) деп аталатын, адамдар арасында қалыптасқан салт пен дәстүрді айқындайтын үкімдер бар», – деп атап көрсеткен.
Дәстүрдің түрі көп, соның ішінде дін мен әдет-ғұрыптардың сабақтастығы халық ауыз әдебиеті – мақал-мәтелдерде жақсы көрініс тапқан.
Келтірілген мысал-дәйектер халқымыздың ғибратты мақал-мәтелдері дін мен дәстүр сабақтастығының дәлелі болып табылады.

Нұрлан Саурықов,
Тараз қалалық мәслихатының депутаты

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.