Қалалық қоғамдық-саяси газет

Дін істері басқармасының басшысы тағайындалды

0 1  732

Жамбыл облысы әкімінің өкіміне сәйкес Сәкен Сәрсенбайұлы Мыңбаев облыс әкімдігінің дін істері басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Сәкен Сәрсенбайұлы 1985 жылы Тараз қаласында туған. 2007 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Астана қаласының Кәсіподақтар кеңесінде маман болып бастаған.

Әр жылдары Астана қаласы әділет департаменті дін істері бөлімінің бас маманы, ҚР Әділет министрлігінің Дін істері комитетінің сараптама және тіркеу басқармасының сарапшысы, Астана қаласы әділет департаменті дін істері бөлімінің бастығы, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті органдарының офицерлік және басшылық лауазымдарында қызмет атқарған.

2021 жылдың ақпан айынан бастап бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары лауазымында еңбек етіп келді.

gov.kz

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.