Қалалық қоғамдық-саяси газет

Димаш Құдайберген 2 жылдан кейін Қытайға қайта оралды

0 351

Димаш Құдайберген араға 2 жыл салып, әлемдік шоу-бизнестегі жұмысын жалғастыру үшін Қытайға қайта оралғанын хабарлады, деп жазады «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Құдайбергенов карантиннің кесірінен, 2 жыл көрерменімен қауыша алмағанын атап өтті.»Бір айға жуық оқшауландым және осы уақытта көптеген жоспарлар құрдым. Оларды Қытайдағы командаммен бірге жүзеге асырамын.
Сондай-ақ, әлемнің әртүрлі елдерінде өтетін концерттер мен телевизиялық бағдарламаларға қатысамын (егер ол жақта карантинге байланысты шектеулер болмаса).

Әлемде болған карантин менің жоспарларымды бұзғаны раc, бірақ осы сәттен бастап сіздерді өз шығармашылығыммен қуантатын боламын. Сіздерді жақсы көремін», – деп жазды әнші Instagram-дағы парақшасында.

 

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.