Қалалық қоғамдық-саяси газет

Өңдеу өнеркәсібі өркендеп келеді

0 309

Жамбыл облысы үшін өңдеу өнеркәсібі секторында өңірдің мықты өнеркәсіптік негізін жедел дамыту және қалыптастыру басты мақсаттардың бірі болып отыр. Бұл туралы облыс әкімі Ербол Қарашөкеев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өтіп жатқан баспасөз конференциясы барысында айтты.

– Бүгінгі таңда аймақ экономикасындағы өнеркәсіптің үлесі 22 пайызды құрап отыр. 846 кәсіпорында 46 мың адам еңбек етеді. Есепті кезеңде өнеркәсіп өнімінің көлемі 695 млрд теңгеге дейін жеткізіліп, онда өңдеу секторының үлесі 71 пайызды, өнім көлемі 494 млрд теңгені құрады. Тау-кен өндіру саласының көлемі 17,1 пайызға (88 млрд.теңге) ұлғайды.

Сонымен қатар химия өнеркәсібінде 7,3 пайызға, жеңіл өнеркәсіпте 5,8 пайызға, құрылыс индустриясында 0,6 пайызға артқаны байқалады, – деді аймақ басшысы.

Сондай-ақ өңдеу өнеркәсібі саласына 88 млрд теңге инвестиция тартылып, экспорт көлемі 121 млн АҚШ долларын құраған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.