Қалалық қоғамдық-саяси газет

Дерматолог стресс адам терісіне қалай әсер ететінін айтты

0 215

Нью-Йоркте жұмыс істейтін дерматолог Мишель Грин стресс кезінде кортизол – эластин мен коллагенді бұзатын гормон бөлінетінін айтты деп хабарлады turkystan.kz.

Осының салдарынан бетке ерте әжім түседі, тері икемділігін жоғалтады. GQ журналының британдық нұсқасына берген сұхбатында сарапшы бұл құбылыс терінің қорғаныш қабатының бұзылуына әкелетінін, нәтижесінде құрғақтық, пигментация, көздің астында қара шеңбер, безеу пайда болатынын түсіндірді.

Маманның айтуынша, кортизолдың жоғарылауынан беттегі тері тесігі бітелуі мүмкін. Сонымен қатар стресс салдарынан шаш сынғыш болып, ақ шаш пен қайызғақ пайда болады.

Ақпаратты дәрігердің тағайындауымен теңестіруге болмайды. Шешім қабылдамас бұрын маманмен кеңесіңіз.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.