Қалалық қоғамдық-саяси газет

Әдеп жөніндегі кеңестің қызметі қарқынды

0 1  732

Серік САЛЕМОВ,
«М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті»
коммерциялық емес акционерлік қоғамының
Басқарма мүшесі-инфрақұрылымды
дамыту жөніндегі проректор, Әдеп жөніндегі кеңестің мүшесі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, Астанадағы Әдеп жөніндегі кеңестері – Агенттіктің алқалы органдары.

Әдеп жөніндегі кеңестің негізгі міндеттеріне сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтардың профилактикасына бағытталған іс-шаралар әзірлеу, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтаудағы жауапкершілік деңгейін арттыруды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдау, сондай-ақ әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін үйлестіру және мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларымен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу жатады. Сонымен бірге Әдеп жөніндегі кеңес қызметтік әдеп нормаларын бұзуға жол берген, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасаған тиісті санаттарындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге, сондай-ақ облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдерінің аппараттарында дербес лауазымдағы әдеп жөніндегі уәкілдерге қатысты тәртіптік істерді қарайды.
2023 жылдың 12 айында Әдеп жөніндегі кеңестің мәжілісі 12 рет өткізіліп, онда барлығы 98 мәселе қаралды. Оның 28-і – тәртіптік іс, 70-і – профилактикалық мәселелер бойынша сұрақтар. Ал тәртіптік істерді қарау нәтижелері бойынша 21 лауазымды тұлғаға тәртіптік жаза қолдану ұсынылып, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін – 20, әдеп нормаларын бұзғаны үшін – 1 және заңды негіздер бойынша 7 іс тоқтатылды. Бұған қоса 2 тұлғаға «атқаратын лауазымынан босату», 18-іне «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту», 1-еуіне жай ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылды. Сондай-ақ қызметтік тәртіпті нығайту және бұзушылықтардың алдын алу мақсатында 213 ұсыныс енгізілді.
Сонымен қатар есепті кезеңде Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерімен түрлі мәселелер бойынша 49 жеке қабылдау ұйымдастырылып, барлығы 138 азаматтың өтініш-тілегі тыңдалды.
Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы және әдеп нормаларын түсіндіру бойынша 92 іс-шара өтті. Бұдан бөлек, Әдеп жөніндегі кеңестің отырыстарында мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау бойынша да жұмыстар атқарылуда. Мәселен, мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының жұмысына жүргізілген талдаулардың нәтижесінде Әдеп жөніндегі кеңестің ұсынымдары негізінде 2 мемлекеттік қызметшіге қатысты қолданылған тәртіптік жазаларының күші жойылып, олардың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.
Нақтырақ айтқанда, жүргізілген талдаулардың барысында Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылы әкімінің орынбасары М.Орымбаевқа ауыл әкімінің өкімімен қолданылған «ескерту» түріндегі жазаға қатысты зерделеу жүргізіліп, мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларының талаптары бұзылғаны анықталды. Аталған мәселе 2023 жылдың 27 қазанында кеңес отырысында қаралып, оның нәтижесі бойынша Б.Момышұлы ауылының әкіміне М.Орымбаевқа тәртіптік жаза қолдану туралы актінің күшін жою арқылы оның бұзылған құқықтарын қалпына келтіру ұсынылған. Нәтижесінде, атлған тұлғаға 2023 жылғы 27 қыркүйектегі №279-ө өкімімен қолданылған «ескерту» түріндегі тәртіптік жазаның күші жойылып, мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтірілді. Сонымен қатар Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау бағыты бойынша жүргізілген бірқатар талдаулардың нәтижелері қаралып, мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қалпына келтіру бойынша ұсынымдар берілді.
Атап айтқанда, мемлекеттік орган жойылған (таратылған), қайта ұйымдастырылған, басқару құрылысы өзгерген кезде мемлекеттік қызметшілердің құқықтарының сақталуына тиісті талдау жүргізіліп, оның нәтижесінде жергілікті атқарушы органдардың тарапынан 7 мемлекеттік қызметшіге қатысты жәрдемақыларды төлеу барысында заңнама талаптары бұзылғаны анықталып, оларға тиісті өсімпұл сомалары төленіп, бұзылған құқықтары қалпына келтірілді. Бұған қоса мемлекеттік қызметшілерге еңбек демалысын беру, іссапар шығындарын төлеу және сыйақылар беру барысында заңнама талаптарының сақталуына жүргізілген талдау қорытындысымен қабылданған шаралардың нәтижесінде 42 мемлекеттік қызметшіге жалпы сомасы 1 645 152 теңгені құрайтын іссапар шығындары төленіп, олардың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.
Бұл бағыттағы ілкімді істер алдағы уақытта да жалғасын табады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.