Қалалық қоғамдық-саяси газет

Денсаулық саласында жаңашылдық көп

0 232

Денсаулық саласына бөлінетін қаржының арқасында жаңа нысандар ашылып, заманауи озық технология игерілуде. Бұл жетістіктер Ашық есік күнінде журналистерге көрсетіліп, таныстырылды.

Арайлым Бақытжанқызы

Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы бұқаралық ақпарат құралдарын салада атқарылып жатқан жұмыстармен ақпараттандыру мақсатында өңірлік коммуникациялар қызметімен бірлесе отырып Ашық есік күні өтті. Тур барысында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұлов бастаған топ №5 қалалық емханадағы Call-орталықтың жұмысымен танысты. Медициналық көмектің сапасын жақсарту және қолжетімді ету мақсатында 2015 жылы облыста өңірлік Call-орталық ашылған. Орталықта операторлар, дәрігер-терапевт, психолог маманы жұмыс жасайды. «1302» байланыс телефоны аптасына 6 күн бойы сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді. Бүгінгі күні Call-орталық облыс бойынша 42 медициналық емдеу, алдын алу ұйымдарына қызмет көрсетеді. Жыл басынан бері мұнда 6 мыңға жуық сұрақтар мен шағымдар түскен.
Сондай-ақ журналистер облыстық перинаталдық орталығының жұмысымен танысты. Ана мен баланың амандығы – басты міндеттің бірі. Бұл үшін кешенді жұмыс атқарылып, мамандар біліктілігін арттыру мақсатында шетелде оқып келеді екен. Орталыққа заманауи 27 құрылғы алыныпты. Оны тиімді пайдалану үшін облыстық перинаталдық орталықта интенсивті палата да ашылған. Сондай-ақ акушерлік-физиологиялық бөлімшенің құрамында ана мен баланың барлық қажетті жабдықтарымен бірге келуі үшін жайлы палаталар, асхана, физиопроцедураларға арналған кабинеттер, қарау, УДЗ кабинеті бар.
– Жаңа туған нәрестелердің реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде, сондай-ақ жаңа туған нәрестелердің патология бөлімінде (күтудің екінші кезеңі) біздің орталықта туылған немесе дене салмағы экстремалды денеден төмен (1 кг кем) басқа перзентханадан ауыстырылған, патологиямен немесе қалпына келтіру емін қажет ететін аурулармен туған нәрестелерге көмек көрсетеді. Орталық мамандары ұрықтың туа біткен даму кемістіктеріне хирургиялық түзету жүргізеді. Облыстық перинаталдық орталық аумағында амбулаториялық гинекология және отбасын жоспарлау орталығы жұмыс істейді. Барлық бөлімшелерде жоғары білікті дәрігерлер жұмыс істейді. Медицина қызметкерлерінің санаты 94%, жоғары біліктілік санаты бар дәрігерлер 55 пайызды құрайды. Орталық мамандары Қазақстан Республикасының, жақын және алыс шетелдің (Ресей, Литва, Израиль) жетекші клиникаларында біліктіліктерін арттырған, – деді облыстық перинаталдық орталығының бас дәрігері Айгүл Қабылбекқызы.
Салада маман тапшылығы – бұрыннан айтылып келе жатқан әңгіме. Аймақта бірер колледжде орта білімді мамандар даярлайды. Ең тапшы мамандар үшін бюджеттен 8,7 млн теңге бөлініп, 9 адамды оқыту жоспарланған. Бұған қоса, облыс әкімінің шешімімен мектеп бітірушілерге медицина мамандығы үшін 15 грант бөлініп отыр. Тур барысында журналистер Жамбыл медициналық колледжі базасында 2015 жылы ашылған аймақтық симуляциялық орталықтың жұмысымен де танысты.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.