Қалалық қоғамдық-саяси газет

Денсаулық мектебінің қызметі не?

0 2  137

Денсаулық мектебі – бұл халыққа және пациентке ықпал ететін топтық немесе жеке ұйымдастырылып ресімделіп өткізілетін әдіс. Яғни тұрғындардың білім деңгейін көтеруге бағытталған амал. Сондай-ақ халықты ақпараттандыру мен тәжірибелікке дағдыландыруға, аурудың дамуы мен қаупі бойынша тәртіптік факторларды ескертуге, бастапқы профилактикалық іс-әрекеттер мен дерттің дамуы мен пайда болу жағдайларының алдын алуға, денсаулықты нығайтуға және сақтауға бағытталған топтық консультациялық және профилактикалық медициналық қызмет түрлері, яғни пациенттердің денсаулығын сақтау барысындағы бастапқы қадам.
Денсаулық мектептерін ұйымдастырудың негізгі мақсаты – ол халықты салауатты өмір салтының дағдыларына қалыптастыру, пациенттердің мақсатты іс-әрекеттерінің қабілеттілігін арттыру және профилактикалық насихат жұмысын толыққанды жүргізу.

№ 5 қалалық емханада 10 денсаулық мектебі жұмыс  істейді:

Денсаулық мектептерінің атауы Денсаулық мектеп бөлмесі № Жұмыс кестесі Жауапты дәрігер, мейіргер
1 «Тәртіптік факторлар қауіпі» мектебі 125 бөлме 09.00-18.00 Профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімшесінің меңгерушісі М.Орынбекова, мейіргер С. Ильясова
2 «Артериялық гипертония және ишемиялық жүрек ауруы» мектебі 125 бөлме Дүйсенбі

09.00-18.00

IV-отбасылық денсаулық орталығыныңбөлім меңгерушісі Б.Б.Шуленбаева,мейіргер С.Ильясова
3 «Жіті инсульт» мектебі 125 бөлме Сәрсенбі 09.00-18.00 Невропатолог дәрігері Н.Ахметова, мейіргер С. Ильясова
4 «Қант диабеті» мектебі 125 бөлме Сейсенбі 09.00-18.00 Эндокринолог дәрігері Э. Кумекова, мейіргер С. Ильясова
5 «Өкпенің обструкциялы созылмалы ауруы» мектебі 125 бөлме Бейсенбі 09.00-18.00 I-отбасылық денсаулық орталығының бөлім меңгерушісі А. Тойлыбаева, мейіргер С.Ильясова
6 «Егде адамдар» мектебі 125 бөлме Жұма

09.00-18.00

Профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімшесінің меңгерушісі М.Орынбекова, мейіргер С. Ильясова, әлеуметтік қызметкер М.Омарова, психолог А.Аубакирова
7 «Салауатты сәби бөлмесі» мектебі 228 бөлме 09.00-18.00 Педиатр дәрігері Д.К.Тойлыбаева, мейіргер М. Сүйегенова
8 «Отбасын жоспарлау» мектебі 410 бөлме 09.00-18.00 Акушер-гинекологА.Құралжан,акушер А. Касымова
9 «Туберкулездің алдын алу» мектебі DOTS бөлме 09.00-18.00 Фтизиатр дәрігері Д. Нурбаева, мейіргер А. Куанышова
10 «Онкологияның алдын алу» мектебі 304 бөлме Сейсенбі, бейсенбі 09.00-18.00 Онколог дәрігері К. Карымсакова, мейіргер Б. Усибалиева

 

№ 5 қалалық емханада Денсаулық мектептерінің жұмыс кестесі ҚР ДСМ м.а. 05.03.2012 ж. «Бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін ұйымдарда, тәртіптік факторлар қаупі бойынша Денсаулық мектептерінің іс-әрекеттері және ұйымдастырылуы жөніндегі Ережелерін бекіту туралы» №146 және ҚР ДСМ м.а. 17.02.2012 ж. «Бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін, денсаулық сақтау ұйымдарында профилактикалық қызметті жетілдіру туралы» № 89 бұйрықтарына сәйкес құрылған.

Д.Сарсенова,
№5 қалалық емхананың бас дәрігері

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.