Қалалық қоғамдық-саяси газет

Дені сау жастар – Қазақстанның болашағы

0 1  312

Еліміздің келешегі жастардың қолында болса, сол болашақтың жарқын болуы өсіп келе жатқан жас ұрпақтың денсаулығы мен біліміне байланысты. Салауатты өмір салтын жастарымыз өз бойларына сіңірсе, дені сау ұрпақ қалыптасады.

Жас жеткіншектердің организмі және ішкі ағзасы гигиена мен күн тәртібі ережелерін орындауды талап етеді. Сонымен қатар тазалыққа, әдептілікке, күн тәртібін дұрыс орындауға басты назар аударады. Соның ішінде жеке бас гигиенасын сақтау, дене шынықтыру жаттығуларын үнемі үзбей жасап тұру, тамақтануды дұрыс жолға қою, организмді шыңдау, белсенді дене жаттығуларымен айналысу, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру қазіргі уақыттағы ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Адамның өз денсаулығына көзқарасын өзгертуі – тәрбиелік мәселе. «Денсаулық – зор байлық, адам бақытының бастауы» дейді халқымыз. Денсаулық ол адамға бір рет берілетін сый деуге болады. Оны сақтау үшін еңбек сіңіріп, ауырмайтын жол іздеу керек.
Қазіргі таңда жасөспірімдер және жастар арасында аурушаңдық көбейіп, алаңдаушылық туғызып отыр. Оған себеп – ауру шақыратын факторлардың өсуі, яғни құнарлы тамақтанбау, темекі, ішімдік, есірткі зияндығы, жастардың қозғалысының аз болуы.
Бүгінде елімізде жасөспірімдер мен жастарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсету қызметінің тиімді дамуы үшін алғышарттар жасалды. Жасөспірімдер мен жастарға арналған сапалы және игілікті медициналық-әлеуметтік қызметтер жүйесін құру, өскелең ұрпақты қорғауға арналған негізгі стратегиялық құжат – ҚР Үкіметінің айқын міндеттері мен приоритеттерін жүзеге асырудағы маңызды қадамы.
Жасөспірімдер дәрігерлерге тек қана науқасына байланысты емес, сондай-ақ профилактикалық мақсатта өз еркімен, саналы келіп қаралуын дәлелдеуі тиіс. Сонымен қатар медицина қызметкерлерінің ұсыныстарын дұрыс қолдану және өз еркімен қызметтерді таңдай алады.
Бүгінгі күні айналамызда болып жатқан әртүрлі мәселелерге байланысты жыныстық тәрбиенің көптеген отбасында дұрыс берілмеуі, бұл жөнінде ақпараттандырылудың аздығы жас жеткіншектердің көзсіз істерге ұрынуына әкеліп соғады. Жастар мен жасөспірімдерге отбасында әке-шешенің тәрбиесі, мектепте ұстаздар тағылым бере отырып, осының барлығы ұрпақ тәрбиесіне тікелей қатысты екенін айтуымыз керек.
15-19 жас арасындағы жасөспірімдер арасында жыныстық тәрбиеге байланысты жүргізілген сауалнама нәтижесіне тоқталар болсақ, пайыздық көрсеткіш бойынша тәрбие отбасы жауапкершілігінде екенін байқаймыз. Оның ішінде:
• Медицина қызметкерлері – 10%;
• Отбасы/туыстары – 80%;
• Мектеп/мұғалімдер/әлеуметтік психологтар – 10%.
Отбасыішілік жыныстық тәрбие тәжірибесінің жоқтығы, жыныстық мінез-құлық туралы ақпаратты ұрпақтан-ұрпаққа беру дәстүрінің болмауынан, жасөспірімдер мен жастар арасында білімсіздіктен көптеген қателіктер туындауда.
Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы №2 қалалық емханасы жанынан ашылған облыстық «Жан-Нұр» жастар денсаулық орталығы 2013 жылдың шілде айынан бері жұмыс істеп келеді.
Негізгі мақсат – жастар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын ұстану дағдыларына баулу, психикалық денсаулық және репродуктивті денсаулықты қорғау бойынша білім деңгейін жоғарылату, гигиена, ерте жыныстық байланыс, жыныс жолымен жұғатын аурулардың алдын алу, ерте жүктіліктің алдын алу. Мақсатты топтарға 10-18 жас аралығындағы жасөспірімдер, 19-29 жас аралығындағы жастар кіреді.
Жастар денсаулық орталықтары жасөспірімдерге медициналық қызметтерді тегін негізде, жастарға медициналық қызметтер баға көрсеткіштерін уәкілетті органдардың бекітуі бойынша көрсетіледі. Жасөспірімдерге алдын ала жазылу бойынша немесе өздерінің қелуіне консультативтік көмек беріледі, сонымен қатар сенім телефоны бойынша мамандарға тіркеліп, консультативтік көмек беріледі.
Жастар денсаулық орталығында уролог-андролог дәрігері, дерматовенеролог дәрігері, акушер-гинеколог дәрігері және заңгер, психолог, әлеуметтік қызметкер мамандары кеңес береді. Осындай орталықтар аудандар мен қалалық емханалар ішінен ашылып, жастар мен жасөспірімдерге тегін көмек көрсетуде. Орталықтарда жасөспірімдердің ерекшелігін түсіну мен қабылдауға негізделген, оларға шыдамдылық, құрмет көрсету, жеке пікір білдіруін қолдау, құпиялылықты сақтауда қызметкерлер тарапынан барынша көмек көрсетілуде.
Біздің жастар денсаулық орталығына келушілерге айтарымыз: Бізге келіңіздер, біз сіздер үшін әрқашан ашықпыз, біз тыңдаймыз, көмектесеміз және сырыңызды ашпаймыз, өмірде әрқашан таңдау жасауға болады.
Біздің мекенжайымыз: «Салтанат» ықшамауданы, №37 ғимарат, № 2 қалалық емхана.
Сенім телефоны – 54-20-27.

Женис Тойшибекова,
№2 қалалық емхананың бас дәрігері

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.