Қалалық қоғамдық-саяси газет

ДДСҰ «Спутник V» вакцинасын 2022 жылдың 1-тоқсанында мақұлдауы мүмкін

0 266

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы «Спутник V» вакцинасын келесі жылдың басында мақұлдауы мүмкін. Бұл туралы ұйымның Еуропалық аймақтық бюросының жетекшісі Ханс Клуге мәлімдеді, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Ханс Клугенің айтуынша, COVID-19 препараттарының шыққан елі маңызды емес. Денсаулық сақтау саласы саясаттан тыс болуы керек. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Ресейдің вакцина туралы құжаттамасын 2021 жылдың соңына дейін алуы керек.

Айта кетейік, осы жылдың маусым айында өткен тексеріс қорытындысы бойынша ұйым мамандары препарат өндіретін кәсіпорындардың бірінде заң бұзушылықтарды анықтады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.