Қалалық қоғамдық-саяси газет

ДДСҰ COVID-19-ға қарсы вакцинаны неліктен үшеуден артық салуға болмайынын түсіндірді

0 311

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Иммунизация бойынша сарапшылардың стратегиялық консультативтік тобының төрағасы Алехандро Кравиото COVID-19-ға қарсы вакцинаның төртінші дозасын тек қауіп-қатер тобына кіретін адамдарға ғана тағайындалуы керек екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Біз екінші бустерлік дозаны (төртінші доза) салуға кеңес бермейміз. Бұған қауіп-қатер жоғары адамдар арасында өлім деңгейін азайту және пандемиямен күрес үшін ғана кеңес беріледі. Бірақ жол картасында көрсетілгендей бірінші бустерлік вакцинадан кейін екінші рет салу тұрғындардың барлығына ұсынылмайды. Екінші бустерлік вакцина қауіп-қатер деңгейі жоғары адамдар үшін ғана тағайындалуы тиіс. Біз бірінші бустерден кейін 4-6 айдан соң ғана екінші бустерді салуды ұсынғанбыз», – деді ол баспасөз отырысында.

Ол қауіп-қатер деңгейі жоғары адамдар тобына егде жастағы азаматтар және өзге де дерті бар адамдардың кіретінін айтты.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.