Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қазіргі бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус алдағы сайлауда жаңа бас директор лауазымына жалғыз үміткер болды, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасай отырып.
ДДСҰ атқарушы комитеті Женевада ашылатын 150-сессияда ДДСҰ бас директоры ретінде екінші бес жылдық мерзімге тағайындауға Гебрейесустың кандидатурасын қарайды. Шешім 22-28 мамыр аралығында Ассамблеяда жасырын дауыс беру арқылы шығарылады.
Бас директор – денсаулық сақтау саласындағы ұйымның халықаралық қызметін бақылауды жүзеге асыратын ДДСҰ-ның бас әкімшілік тұлғасы. Гебрейесус 2017 жылы ДДСҰ-ның бас директоры болып тағайындалды.
Бұған дейін ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесуспен қалай құдандасқаны туралы айтқаны хабарланды.