Қалалық қоғамдық-саяси газет

Дауыс беруге сақадай сай дайынбыз!

0 83

2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу Тараз қалалық референдум комиссиясымен ҚР заңнама талаптары мен ҚР Орталық референдум комиссиясы бекіткен күнтізбелік жоспарға сәйкес ұйымдастырылуда.

Тараз қаласындағы референдумға қатысуға құқығы бар 249 101 адам нақтыланды. Референдум жұмысын үйлестіру, дайындық пен оны өткізуді қамтамасыз ету үшін 125 учаскелік референдум комиссиялары бекітілді.
Референдумды дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес, аумақтық және учаскелік референдум комиссияларының құрамы, комиссиялардың орналасқан жері мен учаскелерінің аумағы туралы хабарламалар бұқаралық ақпарат құралдарында 2022 жылдың 12,14 мамырында жарияланды.
Күнтізбелік жоспарға сәйкес, республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізіміне әрбір учаске бойынша әкім қол қойған референдумға қатысушылар тізімі 2022 жылғы 14 мамырда 107 референдум учаскелеріне табысталды.
Учаскелік референдум комиссиялары дауыс беру уақыты мен мекенжайы туралы азаматтарды хабардар ету үшін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар етіп, шақыру қағаздарын мекенжайларына таратты.
Учаскелік референдум комиссияларының жұмыс режимі арнайы шешіммен бекітіліп, барлығының назарына жеткізілді. Барлық референдум учаскесінде кезекшілік ұйымдастырылған.
Азаматтар жедел ақпарат алу үшін Тараз қалалық әкімдігінде Call-орталығы 45-71-63, 45-71-59 телефон нөмірлері арқылы өз жұмысын бастады. Бұл туралы «Jambyl-Taraz» газетінде және әлеуметтік желіде 18.05.2022 жылы жарияланды.
Референдумды өткізу күні референдум учаскелерінде «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» қызметі (дауыс беруге құқығы бар азаматтардың мекенжайын растау үшін) онлайн режимде ұйымдастырылатын болады. Осы қызметке учаскелік референдум комиссияларынан бекітілген жауапты комиссия мүшелеріне арналған бірлескен семинар-практикум ұйымдастырылды.
2022 жылдың 16 мамырынан бастап Орталық референдум комиссиясының қашықтықтан оқыту жобасы бойынша 1172 референдум комиссия мүшелерінің тестілеуден өтуі ұйымдастырылып, 100 пайыз тестілеуден өтіп, тиісті сертификаттарын алды. Референдум комиссияларына референдумды өткізу тәртібі бойынша семинар өткізіліп, методикалық құралдармен қамтамасыз етілуде.
Денсаулық жағдайына, отбасының сырқат мүшесiне күтiм жасау себебiне байланысты дауыс беруге келе алмаған жағдайда, учаскелiк референдум комиссиясымен олардың дауыс беру күнi жергiлiктi уақыт бойынша сағат он екiден кешiктiрілмей берiле алатын жазбаша өтініші негізінде, осы дауыс беруге құқығы бар азаматтардың тұрған жерiнде дауыс беруі ұйымдастырылады.
Референдум учаскелеріне мүгедектігі бар тұлғалардың қолжетімділігін барынша қамтамасыз ету мақсатында жергілікті атқарушы органмен тиісті жұмыстар атқарылуда.
Қала аумағында референдумға байланысты ақпараттық 31 баннер ілінген, қаладағы 3 ЛЭД-экранда (Төле би және Абай көшелерінің қиылысы, Қазыбек би және Абай көшелерінің қиылысы, Төле би және Жамбыл даңғылының қиылысы) арнайы үгіт материалдары көрсетілуде.
Қала аумағында үгіттік баспа материалдарына арналған орындар ретінде 39 орын белгіленсе, бүгінде 21 щит жаңартылып қойылды.
Үгіттеу жұмыстары референдум тағайындалған сәтте басталып, дауыс берудің аяқталуына бір күн қалғанда, яғни 2022 жылы 4 маусымда сағат 00-00-де аяқталады.
Тараз қаласы бойынша он сегіз жасқа толып, алғаш рет дауыс құқығына ие болып отырғандар 4477 адамды құрап отыр.
Егер дауыс берудің өзге уақыты белгіленбесе, учаскелік комиссиялар дауыс беру күні жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін референдум өткізеді.
Жергілікті полиция органдары тарапынан барлық референдум учаскелерінде қауіпсіздік шаралары қамтамасыз етілетін болады.

Арын Асқарбеков,
Тараз аумақтық референдум
комиссиясының төрағасы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.