Қалалық қоғамдық-саяси газет

Дастан Оразбеков пен Кәмшат Жолдыбаева отандық фильмде ғашықтардың рөлін сомдады

0 384

Дастан Оразбеков пен Кәмшат Жолдыбаева отандық «Почти мачо» фильмінде ғашықтардың рөлін сомдады. Бақытжан Жиеналы режиссерлік еткен кинокартина Алматы мен Дубай қалаларында түсірілген. Фильм 2022 жылдың ақпан айында көрерменге жол тартады, деп хабарлайды  «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Фильм жасы 30-ға келіп, әлі де өмірлік серігін таппаған жігіт жайында. Режиссердің айтуынша, бұл тақырып Қазақстанда өзекті.
Картинаға Дастан мен Кәмшаттан бөлек, Әбунасыр Серіков, Жанна Қуанышева, Данагүл Темірсұлтанова, Әбілмансұр Серіков, Индира Еділбаева және т.б. актерлер түскен.

Түсірілім жұмыстары 2020 жылы жүргізілген. Карантиндік шектеулер әсер етсе керек, жарыққа шығатын уақыты енді жетіпті. Ал әзірге фильмнің саундтрегі мен оған түсірілген бірнеше клип көрерменге жол тартып үлгерді. Солардың бірі – «Менің махаббатым» әнін әнші Нұржан Керменбаев орындаған.

Керменбаевтың айтуынша, қыста жарыққа шыққан бейнебаян жазда түсірілген. Ал көптен бері шығармашылық үнсіздікте болған әншінің бұл туындысына фанаттарына оң бағасын берді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.