Аудан әкімі Сәкен Арубаев бүгін әкімдіктің үлкен мәжіліс залында республикалық, облыстық байқаулардан жүлделі орын алған дарынды мектеп оқушыларымен кездесті,-деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі.
Оқушылармен қатар жиынға олардың жетекшілері, ұстаздары қатысты.
Шарада аудан басшысы Сәкен Қаланұлы аудан ұстаздары жас буынның болашағына үлкен әсер ететінін атап өтті.
– Оқушылардың жеңісі – ата-ана үшін әлемнің бақыты. БАҚ-нан өңір өрендерінің жеңісін көріп, тәуелсіз еліміздің болашағынан үлкен үміт күтемін. Барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймын. Сондай-ақ озат оқушы тәрбиелеген ұстаздардыңда еңбегі ерең. Раушан Пернешқызы басшылық ететін ұстаздар қауымына алғысым шексіз. Ұйымшылдық пен ауызбіршіліктің арқасында жоғары жетістікке жетіп отырсыздар. ҰБТ-де өңір мектептері бірінші орыннан көрінгенін жақсы білеміз. Бала тәрбиелеу жолындағы еңбектеріңіз бағалана берсін, – деді
Шарада 30-ға жуық оқушылар мен ұстаздарға аудан басшысының ізгі тілегі жазылған кітап пен Алғыс хат табыс етілді.