Қалалық қоғамдық-саяси газет

Дариға Бадықова жігіттің ақшасы мен көлігіне қарайтын заманауи қыздар туралы ой қозғады

0 742

Дариға Бадықова жігіттің қалтасы мен астындағы тұлпарына қарайтын заманауи қыздарға қарап, өзін жастық шағын еске алды. Актриса жас кезінде жігіттің айлығы түгілі, жұмысы жайлы сұрақ қоймағанын айтты. Оған қоса, алғашқы кездесуде күйеуінің асханаға апарғанын айтып күлдірді, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

«20 жыл бұрын келдік Алматыға. Қыз болғасын жігіттермен танысамыз. Ол жігіттің машинасы бар ма, жоқ па, ол қандай марка, үйі бар ма, коттеджі бар ма, ата-анасы кім, ойбай-ау даже жұмысы бар ма, айлығы қанша, тіпті де ойланып, соны сұрап көрмеппіз. Әйтеуір, жігітпен танысып, сөйлескенімізге мәзбіз.

Арасында “единица салып жіберші” десе, дым артық ойсыз сала саламыз. Счет төлегенде ақшасы жетпей қалса, қоса саламыз. Ойбай, счет демекші, күйеуім алғашқы кездесуге мені кафеге емес, кағанатқа апарып қатырған. Онда да, ішімнен “өлә, неге қағанат?” деп ойладым да қойдым. Бетке айтатын Айсара мінез жоқ.

Ал қазіргі қыздарды айтам да, жігіттің затына емес, астындағы атына қарайды екен. Как минимум 500 000 айлығы болмаса, тастап кетеді екен. Рас па екен осы?⠀

Еще оларды анау-мынау емес, элитный ресторан-кафеге апарып, туған күн, мейрам сайын әжептәуір сыйлықтар әперіп, апта сайын гүл сыйлау керек екен. Счет төлеп, единица салуды айтпай-ақ қояйын.
Тіпті үйленуге сөз салуы да ерекше болуы керек екен. “ОНА СКАЗАЛА ДААА” деп, видео түсіріп, жұртқа көрсету үшін.

Мә, бізге предложение жасамапты да,⠀“не істейміз? қай күні үйленеміз? «Майдың 10-үйленеміз болды” деді маған, мен де “ааа” дедім», – деп жазды актриса желідегі парақшасында.

Бадықованың айтуынша, қазіргі ата-аналар да жастардың талабына сай жүруге тырысады. Той жасайтын кезде барлығын жоғары талғаммен жасап, тіпті лимузин жалдауға тырысады. Бадықова мұндайдан кейін жастарда отбасыға деген жауапкершілік екі есе болуы керектігін айтты.

«Бәрін айт та бірін айт: Ата-аналар тойды қай қалада жасаймыз, қалай жасаймыз, қай әншіні шақырамыз деп. Осыдан кейін менің ойымша қазіргі жастарда ұят, ⠀
бір-біріне деген жауапкершілік өте жоғары болуы керек. Олардың тойына қанша адам атсалысады, қаншама шығын, қандай үміт… Еее, отбасын құру ойыншық емес, айналайындар деп қояйыншы. ⠀
Бір жағынан жастарды да түсінуге бола ма?» – деп түйіндеді сөзін кино жұлдызы.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.