Қалалық қоғамдық-саяси газет

Дархан Сатыбалды Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды

0 132

Президент Жарлығымен Дархан Сатыбалды жаңа қызметке тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады. 

«Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Түркістан облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылсын», – делінген Президент Жарлығында.

Дархан Сатыбалды 1974 жылы 26 наурызда туған.

С.Сейфуллин атындағы Ақмола ауыл шаруашылық институтын, Қазақ гуманитарлық-заң университетін бітірген. Экономист-менеджер, заңгер, э.ғ.к.

Қазақстан Премьер-министрі кеңсесі бөлім меңгерушісінің орынбасары, Шымкент қаласының әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып қызмет атқарды.

Бұған дейін Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі (03.2019 ж. бастап) болды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.