Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Дархан даланың дара перзенті

0 53
Бүгін қазақ халық поэзиясының алыбы, жыр дүлдүлі Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толды. Осыған орай бүгін ақынның еңселі ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
Салтанатты шараға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, Тараз қаласы әкімінің міндетін атқарушы Нұрсұлтан Исабеков, зиялы қауым өкілдері мен ардагерлер қатысып, тұлға рухына тағзым етті.
Бүгінде жыр алыбының мерейтойына байланысты облыс аумағында түрлі мәдени-бұқаралық және қоғамдық іс-шаралар көптеп ұйымдастырылуда. Бұл шаралар Жамбыл Жабаевтың шығармашылығын кеңінен насихаттауға, ұлттық өнер мен халық поэзиясын жас ұрпақ арасында дәріптеуге бағытталып отыр.
 
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.