Қалалық қоғамдық-саяси газет

Дамудың басты бағыттары белгіленді

0 130

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы Білім күніне тұспа-тұс келді. Бұл Жолдауды толық тыңдап, тұшымды ой түйдім.

Президенттің сындарлы саясатының арқасында еліміздің экономикалық дамуы қарыштай түсетіні айдан анық. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде бүгінгі қоғамға ел бірлігі ауадай қажет екендігін және қаңтар оқиғасындағы ереуілге қатысқандар да, күштік құрылым қызметкерлері де өз азаматтарымыз екендігін баса айтты. Сондай-ақ олар сот әділ өтеді деп қана емес, қоғам кешірімді болады деп үміттеніп отырғанын жеткізді. Одан бөлек, мемлекет қаңтар оқиғасына қатысқан, бірақ ауыр қылмыс жасамаған азаматтардың жазасын жеңілдеткенін және заң бұзғандардың бірқатары кінәсін түсініп, өткен іске өкініп отырғанын жеткізді.

– Оларға кешіріммен қараған дұрыс деп ойлаймын. Сондықтан мен қаңтар оқиғасына қатысушыларға бір реттік рақымшылық жариялау туралы шешім қабылдадым, – деді ел Президенті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы күзде кезектен тыс Президент сайлауын өткізуі де дұрыс шешім деп ойлаймын. Себебі әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі және жан-жақты реформаларды табысты жүзеге асыру үшін халықтың жаңа сенім мандаты қажет.

Президент мемлекет мүддесін бәрінен де биік қойып отыр. Сондықтан өкілеттік мерзімін қысқартуға және кезектен тыс Президент сайлауына баруға дайын екендігін айтты. Әрине, Қасым-Жомарт Кемелұлы саяси додаға түсер болса, халықтың басым бөлігі соны қолдайтынына сенімдімін. Өйткені Президент жүргізген реформалар уақыт өткен сайын өзінің кемел келешектің кепілі екендігін дәлелдеуде.

Керімқұл БЕГАЛИЕВ, облыстық мәслихаттың депутаты

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.