Қалалық қоғамдық-саяси газет

Құдалыққа келген 35 маңғыстаулық Жаңатаста дауыс берді

0 297

Жамбыл облысында  ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауы ерекше өтуде. Бұған дейін қос ғасырдың куәсі болған кейуаналар, отау құрған жастар, даңқты спортшылар мен егіздер дауыс берсе, енді міне Сарысу ауданына Маңғыстаудан қыз берген 35 құда бір учаскіде дауыс берді.

«Күйеу жүз жылдық, құда мың жылдық» дейді қазақ даналығы. Маңғыстаулық құдалар екі жастың бақыт тойы сайлау күніне түскендіктен Сарысу жерінде дауыс беруге бел буыпты. Осылайша бір күнде қос қуанышты  тойлап жатқан құдалар ең бастысы ел тыныштығы мен жастардың бақытты болуын тіледі.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.