Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Далаға шығып жылынып аламыз»: Қуандық Рахым ең алғаш көлік алғандағы қызықтарын айтып елді күлдірді

0 493

Қуандық Рахым алғаш көлік алған кезін еске алып, елді күлкіге қарық қылды. Әнші әкесі жаңа шетелдік көлік алған сәтті айтып, өзі де бір күліп алды,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Қуандық Рахым бала күнінде әкесінің жаңадан көлік алғанын айтты. Олар “Москвич” көлігінен кейін бірінші рет шетелдік көлік мінгенде бірталай қызықтарды бастан өткерген.

“Әкем бұрын “Москвич” көлігін айдаған. Одан кейін басқа көлік жүргізіп көрмеді. Кейін шетелдік көлік алдық. Сонымен отбасымыз болып астанаға кеттік. Күндіз күн ыстық болғанда кондиционері қосылып тұрған. Кешке қайтарда жаурай бастадық. Кондиционерді өшіре алмадық. Қалай өшірерімізді білмейміз. Бір жерін басуға қорқамыз. Солай бәріміз тоңып кеттік. Арасында далаға шығып, жылынып аламыз. Ұзақ жол жүріп келдік. Бір жерге келгенде жанармай бекетінде тұрған жігіттерден сұрап алдық. Содан кейін үйреніп кеттік”, – деп күлді әнші.

Әншінің өзі де қызықты жайттарды еске түсіріп, бір күліп алды. Ал желідегі қолданушылар күлкіге қарық болды.

“Ішім түйілгенше күлдім”, “Әй, қазағым-ай, күлмеске амал жоқ”, “Соның бәрін жасырмай айтып отырған не деген қарапайым әншісіз”, “Ондай бәрінде болады, алғашында бәріміз де білген жоқпыз ғой, ешкім оқып туған жоқ”, “Далаға шығып жылынып аламыз дей ме?“, “Бізде де болған осындай жағдай, қазір күлеміз”, “Әкеңізге де, өзіңізге де амандық тілеймін”,  деді олар.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.