Қалалық қоғамдық-саяси газет

Дәурен Нұрғожин футзалдан Қазақстан құрамасының жаттықтырушысы болды

0 460
Футзалдан Қазақстан құрамасының жаттықтырушылар құрамына жақында ғана спорттан кететінін мәлімдеген танымал қазақстандық ойыншы Дәурен Нұрғожин қосылды.

«Ұлттық құраманың және алматылық «Қайраттың» бұрынғы ойыншысы Дәурен Нұрғожин бас бапкер, бразилиялық маман Рикардо Каканың көмекшісі болады», – деп хабарлады Қазақстан футзал қауымдастығының баспасөз қызметі.

Дәурен Нұрғожин ұзақ жыл бойы қарағандылық «Тұлпардың» намысын қорғап, кейін Қазақстан құрамасының сапында алматылық «Қайратқа» ауысты. Осы уақытта 33 жастағы ойыншы қарсыластарының қақпасына көптеген маңызды голдар соқты.

Нұрғожиннің Какаға көмекші болып тағайындалуы 2024 жылғы әлем чемпионатына іріктеу ойындары басталмай тұрып Қазақстан құрамасының бапкерлік базасын нығайту болып саналады. Бір жылдан кейін Ташкентте өтетін әлем чемпионатының финалдық кезеңіне шығу үшін Қазақстан Голландия, Румыния және Әзірбайжан құрамаларымен ойнайды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.