Қалалық қоғамдық-саяси газет

Дәулет Кәрібек Меркі ауданындағы мектеп-интернатқа барды

0 160
Бүгін облыс әкімінің орынбасары Дәулет Кәрібек Меркі ауданындағы Гранитогор мектеп-интернатына барды, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.
Облыс әкімінің орынбасары Дәулет Кәрібек  ондағы балалармен кездесіп, олардың көңіл-күйі, тұратын жері, сабақтары және ас мәзірі жайында сұрады. Интернатта түскі аспен бірге қымыз, кешкі аспен бірге айран беріледі. Білімдері мен көңіл-күйлері жақсы. Былтыр жылу жүйесіне жөндеу жұмыстары өткендіктен, ғимарат жылы екен. Ас мәзірін тағы да қайта қарап шыққан соң, толықтыруды сұрады.
Сонымен бірге, мектеп басшылығынсыз интернат қызметкерлерімен, мұғалімдермен кездесіп, оқу саласындағы өзгерістер, жаңа білім беру әдіс тәсілдері туралы ой алмасты.
Мектептің аймағын, жатақхананы, азық-түлік қоймасын және қазандықты түгел танысып шыққан Дәулет Жамаубайұлы көмірдің  толық түсірілгенін қадағалады. Бірақ алдағы уақытта мамандар тағы да қосымша тексеретін болады. Одан бөлек, толассыз жауған жаңбыр салдарынан 50-ші бөлменің үстінен су тамшылаған. Кезекші қызметкерлер оқушыларды басқа бөлмеге ауыстырып, келесі күні шатырдың ол бөлігін толық жөндепті.
Оған қоса, осы интернаттағы жағдайларды толық зерделеуге Білім басқармасы жанынан жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына құқық қорғау өкілдері, білім басқармасының қызметкерлері, қоғам өкілдері және басқа да тиісті мемлекеттік органдардың мамандары құрамына енді. Жұмыс тобының толық тексеру жұмыстарынан кейін нақты шешімдер қабылданады.
 Облыс әкімі орынбасары мамыр айының ортасында Меркі ауданында болған кезінде Гранитогор мектеп-интернатын күрделі жөндеуден өткізуді ұсынған болатын. Себебі, 1964 жылы пайдалануға берілген ғимарат әлі күнге дейін толық күрделі жөндеуден өтпеген.
— Білім басқармасы маусым айында жобалық сметалық құжаттамасын әзірлеу жұмыстарын бастады. Енді желтоқсан айына дейін мемлекеттік сараптамадан өткізіп, келесі жылы толық күрделі жөндеуден өткізетін болады, – деді облыс әкімінің орынбасары Дәулет Кәрібек.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.