Қалалық қоғамдық-саяси газет

Дәрігер жүкті әйелдің бауырына біткен баланы анықтаған

0 186

Канадалық дәрігер Майкл Нарви ультрадыбыстық сурет арқылы жүкті әйелдегі ұрықтың бауырына біткенін анықтаған. Бұл туралы ол өзінің ТикТок желісінде көрсеткен, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Эктопиялық жүктілігі бар әйелдің бауырынан ұрық табылған. Бұл туралы Канадалық дәрігер өзінің Тик Ток желісіне жариялаған. Видеода педиатр Майкл Нарви ультрадыбыстық суреттегі ұрықтың бауырға бекітілгенін көрсетті. Ол суреттің 33 жастағы науқасқа тиесілі екенін түсіндірген.

“Біз нәрестенің іште дамитынын білеміз. Алайда бауырға бітуі бұрын соңды болмаған жайт”,-деді Нарви

Желідегі бұл видеоролик төрт миллионға жуық қаралым мен жиырма мыңға жуық пікір жинаған. Көпшілік ананың жағдайы мен осы жайтқа байланысты ғылыми түсініктемелер сұраған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.