Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Дүние – қолдың кірі». Танымал блогер қымбат көлігін өртеп жібермекші

0 345

NNN деген атпен танылған блогер Нұрдәулет 90 миллион теңге тұратын көлігін өртеуге бел байлапты, деп хабарлайды Экспресс К.

Блогер өзінің Instagram-дағы парақшасында Mersedes JT көлігін ешкімге сыйға да бермейтінін айтты. Тіпті автомобильді гив ойындарына тікпеймін деп отыр. Одан да көлікті бүгін кешке өртеуді ұйғарыпты.

Барлығы маған өртеме, біреуге бере сал дейді. Мысалы, мен Абзал деген жігітке берсем, біреуіңіз сенесіздер ме? Біреуге беру — ақымақтық, — дейді Нұрдәулет.

Ал желі қолданушылары өзінің атын шығару үшін көлікті өртеуге бекінген блогердің бұл әрекетін сынға алды.

«Біреу тойып, біреу тоңып секіреді»,»Мұндай хайптың не керегі бар? Оны сатып, үйсіз адамға үй алып бермей ме?», «Адал еңбекпен таппаған соң берекесі жоқ» — деп жазды пікір білдірушілер.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.