Қалалық қоғамдық-саяси газет

COVID-2019: Алдын алу және сақтық шаралары

0 309

Коронавирус инфекциясының пандемиясы біздің заманымыздағы денсаулық сақтау саласындағы жаһандық дағдарыс және Екінші дүниежүзілік соғысынан бергі кезеңдегі адамзат тарихындағы ең үлкен проблема болып табылады. Өткен жылдың соңында Азияда пайда болған сәттен бастап вирус, Антарктиданы қоспағанда, барлық континенттерге таралып үлгерді. Жұқтыру оқиғаларының саны Африка, Америка және Еуропада күн сайын өсіп жатты.

COVID-2019 жұқпасының белгілері басқа да респираторлық аурулардың белгілеріндей болуы мүмкін. Оның клиникалық белгілеріне мұрыннан су ағу, тамақтың ауруы, жөтел және дене қызуының көтерілуі жатады. Кейбір адамдарда ауыр түрде өтіп, пневмония мен тыныс алудың қиындауына әкелуі мүмкін. Сирек жағдайда ауру өлімге әкеледі. Бұл вирусты аурудың ауыр түрімен егде жастағы, сонымен қатар ағзасында басқа да патологиялары (мысалы, қант диабеті, жүрек-қан тамыры жүйесінің аурулары) бар адамдар ауыруы ықтимал. COVID-2019 респираторлық аурудың қоздырғышы болып табылады және әдетте вирусты жұқтырған адаммен тығыз қарым-қатынаста болғанда, мысалы, үй жағдайында немесе медициналық мекемеде адамнан адамға таралуы әбден мүмкін. Өткен жылдың желтоқсанында пайда болған COVID-19 вирусы туралы алғашқы ақпарат пайда болғаннан бастап, ол бүкіл әлемге тез тарала бастады және пандемия сипатына ие болды.

Дәрігерлердің барлық сақтық шараларын сақтау арқылы біздер өз жақындарымызға қамқор бола аламыз. Бұл орайда эпидемияға қарсы режимді сақтау ұсынылады. Үйде оқшаулау кезінде жеңіл және орташа ауыр аурулары бар науқастар отырықшы өмір салтын, сусыздануды болдырмауға және белсенді болуға (жүруге) және сұйықтықтың жеткілікті мөлшерін қабылдауға тиіс.

Науқастарды оңалту мәселелері бойынша тыныс алу динамикасын жақсартуға, мазасыздық пен депрессия белгілерін жеңілдетуге, асқыну қаупін азайтуға, функцияны қалпына келтіруге және өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жеке бөлім бөлінген. Осы әдістемеге негізделген аппарат Қазақстанда өндіріледі, ол пациенттің жағдайына байланысты әртүрлі режимдерді таңдауға мүмкіндік береді. Бұл әдісті өкпе ауруларын емдеу мен оңалтудың барлық кезеңдерінде қолдануға болады.

Бұл дерттен зардап шеккен көптеген елдер науқастарды тестілеу мен тексеру жүргізіп, қарым-қатынас жасаған адамдарды анықтап, сапарларды шектеп, азаматтарды оқшаулап және спорттық жарыстар, концерттер және мектептердегі оқыту секілді адамдар көп шоғырланатын іс-шараларды тоқтата отырып, инфекцияның таралуын баяулату үшін бар күш-жігерін салуда. Айта кету керек, бұл әдістердің барлығын тек дәрігердің нұсқауы бойынша қолдануға болады, сонымен қатар адам ағзасының жеке ерекшеліктерін, жағдайдың ауырлығын және қосалқы аурулардың болуын ескеру қажет.

Осындай қиын-қыстау кезеңде №6 қалалық емхананың әкімшілік басқармасы және медициналық қызметкерлері аурудың таралмауына барынша күш жұмсауда. Күнделікті халыққа түсіндірме жұмыстарының жүргізілуі, медициналық кызметкерлердің қорғаныс киімдерінің уақытымен ауыстырылуы, ауру белгілері бар науқастарды дереу оқшаулауы қатаң қадағалануда. Сонымен қатар емхана ішінде кезекке тұрғандар арасында арақашықтықтың сақталуына ерекше көңіл бөлінеді. Күту орындарында коронавирустық инфекция туралы бейнероликтер көрсетіліп, бүктемелер таратылады. Емхана кіреберісі лас және таза аймаққа бөлініп, науқастардың іріктелінуі жүргізіледі. Ауру белгілері бар науқастар фильтр бөлімшеге оқшауланып, ПТР зерттеуі жүргізіледі.

Денсаулық адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние болғандықтан, әр адам баласы өз денсаулығына көңіл бөлуі қажет. Біз денсаулығымызға немқұрайлы қарап, оған үлкен зиян келтіреміз. Ауруды ағзаларға жолатпау адамдардың өз қолында. Сол себепті әр адам салауатты өмір салтын қалыптастырып, дұрыс тамақтанып, зиянды әрекеттерден аулақ болып, тазалық пен санитария шараларын сақтауы қажет.

Толқын Қырықбаева,
№6 қалалық емхананың жалпы тәжірибе дәрігері

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.