Қалалық қоғамдық-саяси газет

COVID-19: Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны – 29 адам

0 763

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2022 жылғы 13 қарашадағы эпидемиялогиялық жағдай туралы мәлімет таратты, деп хабарлайды Экспресс К.

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 29 жағдай тіркелді. Бір күн бұрын 39 адам індетке шалдыққан еді. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 395 348 жетті.

14 қарашадағы мәлімет бойынша, 828 адам коронавирус инфекциясынан (–666+ және 162 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 79 пациент стационарда, 749 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 7 адамның жағдайы ауыр,
  • 2 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, пандемия басталғалы бері ПТР сынамасы (КВИ+) расталған коронавирус инфекциясынан 13 693 адам қайтыс болды.

  • COVID-19
  • СТАТИСТИКА
  • ҚАЗАҚСТАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
  • ҚОҒАМ

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.