Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Coca-Cola» ішіп, шіріген банан жеген». Егіздер өліміне қатысты жаңа дерек шықты

0 183

Рудныйлық 6 жасар Әділ мен Мирастың оқыс өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды, деп хабарлайды Экспресс К.

Естеріңізге салайық, Қостанай облысының Рудный қаласында егіз жеткіншектер 12 қазан күні белгісіз дертпен ауруханаға түскен. Аурудың диагнозы анықталмапты. Бірақ балалар өздерін жақсы сезінген соң үйлеріне жіберіледі.

Алайда олар ертеңіне кешкі сағат 20:30-да көз жұмды. Осы дерек бойынша тексерістер жүргізілген еді. Енді полицейлер бір тоқтамға келіп отыр.

Қылмыстық іс ҚК 306-бабы (Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату) және 317-бабы (Медицина немесе фармацевтика қызметкерінің кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы) бойынша жүргізіліп жатыр, — дейді облыстық ПД баспасөз қызметіндегілер.

 

Токсикологиялық сараптама әлі аяқталған жоқ. Қазір белгілі болып отырғандай, әжелерінің қарауында қалған жеткіншектер сол ауырған күні «Coca-Cola» ішіп, қабығы қарайып кеткен банан және беймәлім шоколад жеген. Таяу күндері жария болатын сараптама қорытындысы егіздер қазасының нақты себебін анықтап бермек.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.